"Жаныңа батып кетеді екен": Карантин кезінде қиналған жұрт қайырымдылық қорларынан көмек сұрай бастады

Төтенше жағдай жарияланған соңғы бір айдың ішінде табыстарынан айырылып, ішер асын таба алмай қиналған халықтың көбі қайырымдылық қорларынан көмек сұрай бастапты. Олардың кейбірі жалдамалы пәтерлерінен қуылып, қаржылай қиындықтарға тап болғандарын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Телеарнаның хабарлауынша, халық негізінен азық-түлікке мұқтаж. Әсіресе, ұн, күріш, қант, сүт, сұйық май сияқты ең маңызды азық-түлік керек екен. Мәселен, соңғы бір ай ішінде Ақтөбедегі бір қайырымдылық қорына 600-ден астам отбасы көмек сұрап келген. Қор олардың тек жартысына ғана көмек көрсете алған, ал қалғаны кезек күтіп отыр.

"Төтенше жағдайға байланысты қаладағы кейбір отбасылардың жағдайлары нашарлап кетті. Өткені, кейбір жұмыс берушілер қызметкерлерін босатып жәберді, сосын 42 500 теңге ал, басқа нұсқа жоқ деген. Оны да бәрі алмайды. Мұқтаж отбасылардың тізімі бар. Біз соларға көмектесеміз, және де қазір солардың қатарына жаңадан қосылып жатқан отбасылар бар. Бүгінгі күнге дейін біз 335 отбасыға азық-түлік тараттық. 10 келі ұн, 5 литр сұйық май эконом нұсқада өмір сүретін отбасыға бір айға жеткілікті", - деді "Шаңырақ" қайырымдылық қорының құрылтайшысы Еділ Аймағанбетов.

Сонымен қатар, кейбір ел азаматтары 42 500 теңгені ала алмай отырғандарына шағымданыпты. Оның ішінде Семей қаласының тұрғыны Айжан Серікқалиева да бар. 

Ол наурыздың 15-нен бері жұмыссыз отырғанын айтты. Карантин басталады дегенде дүкеннен азын-аулақ азық-түлігін қарызға алып үлгерген, қазір олар таусылуға жақын. Сондай-ақ, жалдамалы пәтердің де ақысын төлу керек. Ал жұмыссыз қалған халыққа берілуі тиіс 42 500 теңгеге берге өтініші қабылданбапты.

"Бала-шағаның алдында өзімді түсіргім келмейді, көрсетпеуге тырысамын, бірақ шыдай алмайды екенсің, батып кетеді екен. Сондықтан, не істерімді білмеймін. Мүмкін, 42500 алсам, жартысын жапсам да көмек болады ғой", - деді Айжан Серікқалиева.

 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр