Жәнібек Әлімханұлы Головкиннің чемпиондық титулдан бас тартуынан кейін мәлімдеме жасады
Орта салмақта бокстан WBO белбеуінің иегері Жәнібек Әлімханұлы Геннадий Головкиннің IBF титулынан бас тартуы туралы сыбысқа қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Головкиннің чемпиондық белбеуден бас тартқаны туралы 8 ақпанда белгілі болды. Бұл туралы бразилиялық журналист Уилсон Балдини мәлімдеген.
Әлімханұлы отандасы бас тартқан белбеуді және өзге де чемпиондық титулдарды иеленуге ниетті екенін жеткізді.
"Орта салмақта бір белбеу бос деуге болады. Бұл маған керек. Құдай қаласа, барлық титулдарды жинаймын", – деп жазды Әлімханұлы.
Айта кетейік, Геннадий Головкин әлі де IBO мен WBA Super белбеулерінің иегері.
Талқылау
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді
Отандасымыз жат жерде жүрсе де қазақ елінің дәстүрі мен құндылықтарын күнделікті өмірде сақтауға тырысып жүргенін жеткізді
“Сыйлықтар сыйлап, кемінде бір пәтер алғызатын адам”: Неліктен қазақстандық бойжеткендер тоқал болуға келіседі
Психолог: "Оны көбіне "махаббат" деп түсіндіріп ақталып жатады”

