AAPL
150.43 $
-1.51 %
TSLA
275.33 $
-4.59 %
NDAQ
56.93 $
-0.82 %
GOOGL
98.74 $
-1.4 %
FRHC
50.66 $
-3.78 %
AAPL
150.43 $
-1.51 %
TSLA
275.33 $
-4.59 %
NDAQ
56.93 $
-0.82 %
GOOGL
98.74 $
-1.4 %
FRHC
50.66 $
-3.78 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңбыр соңы қарға ұласады: "Қазгидромет" алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады

“Қазгидромет” Қазақстан бойынша 2022 жылғы 24-26 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің мәліметінше, елде жаңбыр және ауа температурасының төмендеуі күтіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ауа райы

Солтүстік-батыс циклонының әсерінен 25 қыркүйекте батыста, 26 қыркүйекте солтүстік-батыста және солтүстікте қатты жаңбыр, найзағай, желдің күшеюі және бұршақ күтіледі. 26 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын болжанады (жаңбырдың соңы қарға ұласады). Ал оңтүстік-шығыс аймақтарда тек таулы және тау бөктеріндегі аудандарда өткінші жаңбыр жауады.

Ауа температурасы күндіз елдің батысында 22-33-тен 9-22 градусқа дейін, солтүстік-батыста 25-32-ден 10-23 градусқа дейін төмендейді. Солтүстікте 23-30-дан 5-20 градусқа дейін, орталықта 22-32-ден 20-28 градусқа дейін, Қызылорда облысында 30-35-тен 17-25 градусқа дейін төмендеуі болжанады. Елдің оңтүстік-шығысы мен қиыр оңтүстігінде ауа температурасы 25-35 градус шамасында сақталады.

Талқылау
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр