Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңбыр, бұршақ жауады: Еліміздің кей өңірінде ыстық басылады

Биылғы жылы 2-4 шілде аралығында еліміздің кей өңірінде ыстық басылады. Синоптиктер осылай деп болжап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Қазгидрометке» сілтеме жасап. 

Жаңбыр, бұршақ жауады: Еліміздің кей өңірінде ыстық басылады

Алдағы күндері Қазақстанның оңтүстігінде 40 градустық ыстық басылып, найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады. Бұл Оңтүстік Орал мен республиканың батыс аймақтарынан ығысатын атмосфералық фронттардың өтуімен байланысты.

Ал еліміздің солтүстік облыстарына фронттармен бірге жоғарыдағы циклон ығысып, республиканың көптеген өңірінде жаңбыр, солтүстік және орталық облыстардың кей жерлерінде қатты жаңбыр жауып, желдің дауылды күшеюіне, бұршақ жаууына және ауа температурасының орташа көпжылдық мәннен төмендеуіне алып келеді.

Талқылау