Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңбыр, бұршақ жауады: Алдағы күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады

Синоптиктер 13-15 маусымға арналған ауа райы болжамын жасады. Олардың мәліметінше, алдағы күндері елімізде жаңбыр сақталады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап. 

Жаңбыр, бұршақ жауады: Алдағы күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады

Алдағы күндері жоғарғы барикалық жырамен солтүстік теңіздерден ылғал және салқын ауаның түсуі жалғасады. Соның себебінен ауа райында өзгеріс күтілмейді. 

13-15 маусым күндері Қазақстанның көптеген облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауып, екпінді жел соғады деп күтіледі. Сонымен қатар күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Ауа температурасының қысқа мерзімге жоғарылауынан кейін қайта төмендеуі күтіледі. Республикамыздың басым бөлігінде температура орташа көпжылдық мәннен төмен болады. 

Сионптиктер тек Маңғыстау облысында ауа райы ыстық және жауын-шашынсыз болады деп болжап отыр.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр