Жанар Айжанова киіт үшін ұрысатын құдағиларды сынға алды

Жанар Айжанова киіт үшін ұрсатын құдағиларды сынға алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі өнер иесі жастардың қарым-қатынасы қалай бұзылатынын айтып берді. Оған басты себеп ата-аналардың қит еткен нәрседен мәселе шығарып, келіспей қалуы дейді. Әсіресе құдағилардың арасындағы киіт үшін тартысты ерекше атап өтті әнші. Болмашы мата мен, бір үйден екінші үйге алмасып жүретін пакеттер үшін жанжалдасып, балалардың арасын құртамыз дейді Жанар Айжанова.

"Кейбір асабалар тойда құдағиларға "Осы екеуің тату болсаңдар болды. Жастар ешқайда кетпейді. Шықса бәленің бәрі сендерден шығады" деп қағытып жатады. Негізі сөзінің жаны бар. Бәріміз де білеміз, құда-жекжаттың арасында жүретін "дежурный пакет" бар. Ұрыстың басы сол пакеттегі каробка шоколадпен екі метр мата. Көңілі толмай қалған қыздың шешесі өзі айта алмағанын "енеңе осылай деп" айт деп қызына айтқызады. Қыз шешесінің приказын бұлжытпай орындап, енесін жұлып алады", - дейді Жанар Айжанова.

Әркім өз ата-анасын жақтаймын деп, бір-бірін жақсы көріп, ниеттеніп отау құрған балалардың миы ашып, не істерін білмей кетеді. Содан сыйластық та, өзгесі де жоғалады дейді ол. Жанар Айжанова үлкендердің ақылға келудің орнына, ұрысты өршітетініне ашуланды. 

"Мамам "Бергені аз, мен одан көп әкелгем. Ертең ағайын-туыстарыма не деп айтам. Қасымда еріп келген жеңгелеріме кәмпит емес, сақина салмай ма деп жатыр" дейді келін. Содан көк атқа мініп енесі шығады. Ақыры ушығып кеше ғана төс қағысқан құдалар да "қойсайшы" деген сөзден ары ештеңе айта алмай, кете барады. Әркім өз әке-шешесін жақтап қызыл кеңірдек болады. Үлкендер ақылға келудің орнына қоламтасын қағып, қайта жаңғыртып ұрысты жалғастыруын қоймайды", - дейді Жанар Айжанова.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте 300 адам ұйықтап қалған баланы жарты күн іздеді

Баланы іздеуге атсалысқандардың қатарында полиция қызметкерлері де бар

60 миллиард: Мемлекет "Қазагроға" тағы көмектеседі

2018 жылдың өзінде холдинг 400 миллиард теңге шығынға батқан екен

Жүргізуші әйел қарсыласының көлігінің күл-талқанын шығарып, қоқан-лоқы көрсетті

Ашуға бой берген әйел бұзақылығы үшін екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Павлодарда автоцистерна жарылып, бір адам қаза тапты

Жарылыстың мән-жайы анықталып жатыр

Конор МакГрегор қазақстандық боксшылар мен балуандарды жоғары бағалады

Макгрегор: Қазақстанда бокс керемет және бай тарихы бар

Елімізде имамдар да атаулы әлеуметтік көмек ала алады

Қазақстанда дін өкілдерінің еңбекақысын көбейту мәселесі қолға алынуда

282 факт: Қазақстанда жасырын болған сәби өліміне қатысты жаңа деректер айтылды

282 бала тірі туғанымен, өлі деп тіркелген

9 айда 156 нәресте: Атырау облысында жаңа туған сәбилердің неден шетінегені белгілі болды

Инфекциялық бақылау талаптары сақталмаған

Бірі жасөспірім: Жүк көлігінің ішінен 39 адамның денесі табылды

Жүк көлігінің 25 жастағы жүргізушісі кісі өлтірді деген күдікпен қамауға алынды

Алматылық сот төрешісін ақтап, кейін қайта соттады

Судья алаяқтық пен парақорлық үшін айыпталды
Çàãðóçêà...