Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытында ірі өрт болды: Министрлік түсініктеме берді

Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытында ірі өрт болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Куәгерлер әлеуметтік желіде кадрлармен бөлісуде.

ҚР Энергетика министрлігі "ҚазМұнайГаз" газ өңдеу зауытындағы ірі өртке қатысты түсініктеме берді.

"ҚазГӨЗ" ЖШС 16 маусым күні сағат 22.15-те компрессорлық цехтың ауа тоңазытқышы конструкциясы өртенді. 22.52-де өртті оқшаулап, толық өшірді. Зардап шеккендер жоқ. Жану нәтижесінде градирня құрылымының бір бөлігі істен шықты, негізгі жабдық зақымданбады. Градирняны қалпына келтіру бойынша авариялық-жөндеу жұмыстары басталды. ҚазГӨЗ бойынша инцидентті тексеру туралы бұйрық шығарылды, өрт салдарын жою бойынша жедел штаб құрылды”, – деді ҚР энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Талқылау