Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңаөзенде анасы бас тартқан 5 баланы әкелері тәрбиелейтін болды

Маңғыстау облыстық кәмелеттік жасқа толмағандар ісі бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында бұрынғы ерлі-зайыптылардың балалары кіммен қалатыны медиативтік келісім бойынша жасалды.

black-and-white-1146490_960_720

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

Енді 5 баланы әкесі тәрбиелейді. Ал анасы бизнеспен айналысып, балаларын өсіруге босамайтындықтан келісім берген.

“Талапкер өз өтінішінде кәмелетке толмаған бес баланы өзімен қалдыруды сұраған. Себебі, олардың анасы бала тәрбиесімен айналыспайды. Әйел сауда-саттықпен айналысып, көбінесе тауар алып келуге кетеді, ал балалары қараусыз қалған. Әкесінің табысы жақсы, тек балаларының болашағын ойлайды. Сот отырысы барысында тараптар медиация және iс жүргiзудi қысқарту барысында дауды (шиеленіс) реттеу туралы келісімді бекіту туралы өтініш білдірді.

Екіжақты шешім бойынша  балалар әкесімен қалатын болды.  Ол алимент сұрамаған, демек анасы төлемейтін болады. Олардың екеуі де Жаңаөзен қаласында тұрады”, – деп айтты Маңғыстау облыстық соты баспасөз қызметінің өкілі Гаухар Нұрханова. Әкесі, өз кезегінде, анасының балаларымен қарым-қатынас жасауына қарсылық танытпады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.


 Жіберіп алмаңыздар:
Талқылау