Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңаөзен қаласына жаңа әкім тағайындалды

Жаңаөзен қаласына жаңа әкім тағайындалды. Бұл қызметке Мақсат Ибағаров келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңаөзен қаласына жаңа әкім тағайындалды

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымов Жаңаөзен қаласының жаңа әкімін таныстырды.

Бұған дейін қала басшысы қызметін Әділбек Дауылбаев атқарған еді.

Еске сала кетсек, 2 қыркүйекте Жаңаөзенде жүзге жуық ер адам қала әкімдігі ғимаратының алдына жиналған еді. Олар жергілікті тұрғындарды жұмысқа орналастыруды талап етті.

3 қыркүйекте 500-ге жуық тұрғын тағы да алаңға шықты. Олармен Маңғыстау облысының әкімі кездесті.

Талқылау