Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа істер Respublica-сы: кәсіпкерлер саяси қуатты күш ретінде бірікті

Тиімді бизнесті ұйымдастырып, дамыта алатын іскер азаматтар елдің экономикасы мен саясатын да жаңғырта алады. Бұл – аксиома. Демек, алдағы Парламент Мәжілісінің сайлауында кіл кәсіпкерлерден құралған Respublica партиясы айрықша белсенділік танытады деген болжам бекер емес. RE-республикашылар кімдер? Олар сайлауалды бағдарламасында қандай идеяларды дайындап жатыр? Осы сауалдарға жауап іздеп көрсек.

республика

Партияның негізгі мақсаты – мемлекеттік басқару жүйесінде қазақстандық кәсіпкерлердің мүдделерін қорғайтын әрі мүмкіндіктерін кеңейтетін саяси күш құру. Respublica бизнесті қазақстандық экономиканың жаңа драйверіне және ел азаматтарының әл-ауқатының негізіне айналдыратынына сенімді. Партияның ұраны – "Жаңа адамдар – Жаңа қадамдар".

Бұл жаңа ұйымның құрылтайшылары ауыл шаруашылығы, машина жасау, фармацевтика, бөлшек сауда, киноиндустрия, БАҚ және қаржы салаларындағы бизнесті басқарады және оларға иелік етеді. Сонымен қатар олардың экономиканың нақты секторында тәжірибесі бар, ондаған мың жұмыс орындарын ашқан, миллиардтаған теңге салық төлеген. Қазіргі кезде де осы бағытта қыруар шаруаларды атқарып жатыр. 

Партияның жетекшісі – "Олжа Агро" агрохолдингінің басшысы Айдарбек Қожаназаров. Тең төрағалардың қатарында кәсіпкерлер – Сырымбек Тау, Руслан Берденов, Максим Барышев, Динара Шүкіжанова, Қуаныш Шонбай, Бейбіт Әлібеков және Нұрлан Қоянбаев бар.

республика

Respublica жетекшілері жүзеге асыру мүмкіндгі жоғары, қарапайым халыққа тиімді, мемлекеттің өркендеуіне қызмет ететін, даму бағдарын өзгерте алатын Restart. Reforma. Respublica сайлауалды бағдарламасын ұсынып отыр. Бұл құжат қазақстандықтар өмірінің әртүрлі салаларындағы құрылымдарды қайта жаңғыртуға бағытталған. Онда бірінші кезекте кәсіпкерлерді қолдау шараларына басымдық берілген.

Партия елдегі шағын және орта бизнестің одан әрі қанат жаюына, дамуына қызмет етеді. Ал бұл – мемлекет тұрақтылығының, халықтың әл-ауқатының, ілгерілеудің кепілі.

республика

Respublica жақтастары бизнеске кедергілермен барынша күреседі. Мәселен, бюрократия, сыбайлас жемқорлық, жоғары несие ставкалары, үлкен салық жүктемесі, шексіз және жылдам өзгеретін реформалар, экономикаға мемлекеттің шамадан тыс қатысуы сияқты өзекті мәселелердің шешімін табу жолында жұмыс істеуді көздеп отыр.

Партия мемлекеттік органдардың қызметінде бірізділіктің болғанын құптайды. Сондай-ақ осы жүйеге заманауи цифрлық технологиямен жабдықталған бизнес-тәсілдерді енгізуге қызмет етеді.  

республика

Түрлі саладағы кәсіпкерлердің басын біріктірген Respublica халыққа қолайсыз, ресурстарға ғана сүйенетін экономиканы қалай жандандыруды біледі. Партия өкілдері инновациялар мен IT-стартаптарды тартып, әлеуметтік тұрғыдан жауапты және экологиялық жағынан тиімді жоғары технологиялық ұлттық жүйені жасай алады.

Тапсырыс беруші: Құспеков О.Х.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлаудағы "Respublica партиясы" ҚБ Сайлау қорының қаражаты есебінен төленеді.

Назархан Уән
Сенбі, 18 Ақпан, 2023 17:30