Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ режиссурасында жаңа толқынды анықтау үшін: Алматыда халықаралық "Бастау" фестивалі сегізінші рет өтеді

Алматы қаласында 3-7 желтоқсан аралығында VIII халықаралық "Бастау" студенттік және дебюттік фильмдер фестивалі өтеді. Жыл сайын өтетін шара халықаралық әрі кәсіби байланыстарды нығайту мен кеңейтуге, кино саласындағы өнерлі де талантты жастар мен майталман шеберлер арасында пікір алмасуға мүкіндік беретін алаңға айналып отыр, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Біздің фестиваліміз шығармашылық жастарға бастау болатын, тәжірибе алмасуға және жас киногерлерге өз жобаларын кеңінен насихаттау үшін ынтымақстастыққа жол беретін кәсіби алаң. Сондықтан да біздің дарынды жастардың фестиваль қонақтары – кино өндірісінің түрлі саласындағы кәсіби мамандары мен сарапшылардан үйренуге мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар, фестивальдің алдыға қойған мақсаттарының бірі —  жас мамандардың жұмыстарына қолдау көрсетіп, оларды дұрыс насихаттау, түрлі жанрда кино түсіруге қызығушылықтарын арттыру. 

Жалпы фестивальдің басты ерекшелігі - бұл шығармашылық еркіндік. Оның тыныс-ырғағын қатысушы жас буын өзі  айқындайды. Сондықтан да фестивальдің ұранын «Жаңа буын киносы» деп алу тегін емес. Мысалы, байқаудағы жұмыстарға  халықаралық қазылар алқасымен қоса студент жастардан құралған қазылар алқасы да жұмыс істейді. Фестивальдің арқасында біз қазақ режиссурасында жаңа толқынның пайда болуына куә болмақпыз”, - деді «Бастау» кинофестивалінің президенті Сергей Әзімов. 

Фестиваль режиссер Шәрипа Оразбаеваның "Мәриам" атты фильмімен ашылады. Locarno Folm Festival және Toronto International Film Festival атты байқауларда көрсетілген фильмнің режиссері биылғы "Бастау" фестивалінде жауапкершіліктің жүгін екі есе сезінетінін айтты. Бұл шараның өзі үшін өте маңызды екенін тілге тиек еткен Оразбаева жол апатына түсіп қалса да, фестивальдің жұмысына атсалысуды жан-жүрегімен қалағанын жасырмады. 

"Бұл фестиваль мен үшін ерекше. Себебі менде әділқазы болу және өзімнің дебюттік фильмімді көрсету деген екі жауапкершілік тұр. Қатты толқуымның себебі де осында жатыр. Фильмімді дүние жүзі бойынша көрсеткенде бұлай қатты толқымап едім. Бір сағат бұрын таксимен жолда келе жатқанымда жол-көлік апатына түсіп қалдым. Мен мінген көлікті есепке алғанда бір секундтің ішінде төрт көлік соғысып қалды. Салдарынан өзімді жайсыз сезініп, абдырап қалғаным рас. Бірақ адамдар:"Күте тұрыңыз, дәрігерлер келіп сізді қарасын", - десе де, бүгін өте маңызды күн екенін алға тартып, фестивальға келдім", - деп режиссер басынан өткен оқиғасын баяндап, фестиваль ұйымдастырушыларына алғыс айтты. 

Биыл фестиваль форматына өзгерістер енгізіліп,  байқауға дебюттік толықметражды фильмдерді қатыстыруға мүмкіндік берілген. Сегізінші фестивальдің ресми бағдарламасы Bastau Shorts және Bastau Debuts халықаралық байқауларынан тұрады. Ресейлік режиссер, сценарийші әрі продюсер Михаил Сегал жетекшілік ететін халықаралық қазылар алқасы Bastau Debuts байқауына баға береді. Көрші елден келген маман фильмдер қызықты әрі режиссер ретінде қалыптасып үлгерген мамандардың туындыларына ұқсамаса екен деген тілегін білдірді.

"Маған осындай жауапкершілік берілгені үшін өте қуаныштымын. Барлық әділқазы субъективті болып,  әділ бағасын береді деген үміттемін (...) Фильмдерін алғаш рет ұсынған адамдар жұмыстарымен  жетілген, шебер мамандарға ұқсап кететіні бәрінен аянышты. Жас ұрпақ жаңалық енгізуі керек, бірақ әдетте олар екінші, үшінші фильмін түсіргенде өз нақышын тауып алады", - деді режиссер. 

Bastau Shorts  қысқаметражды фильмдер байқауына қатысу үшін биыл әлемнің 44 елінен 360 өтінім келіп түскен. Мұндай  рекордтық көрсеткіш фестивальға деген қызығушылық пен оның халықаралық беделінің арта түскенін айғақтайды. Тізімді 60 фильмі өтінім берген Ресей бастап тұр. Биыл алғаш рет фестивальға Непалдың жас киногерлері қатыспақ. 

Бұл бағдарламада Қазақстан 6 картина ұсынбақ, олар: Камилла Бердімұратованың «Тақсыр» деректі фильмі, Айдарбек Әбділқадырдың «Терең су» атты аннимациялық туындысы, Самғар Рақымның «Дипломмен ауылға» фильмі, Еламан Шаубановтың «Бауыр» картинасы, Дарина Манапованың «Мәулен» драмасы және Бағлан Құдайберлиевтың «Тыныштық баяны» фильмі. 

Фестиваль аясында әлемдік деректі (Bastau docs), сонымен қатар жаңа қазақстандық кино (Bastau KZ) көрсетілімдері ұйымдастырылады. Жалпы, «Бастау» шеңберінде көрермен бес күн бойы түрлі жанр мен бағыттағы 80-ге жуық кино шеберлер мен дебютанттардың киносын көріп тамашалай алады. Жеңімпаздар 2019 жылдың 7 желтоқсанында өтетін марапаттау салтанатында жарияланады. 

Фестивальдің жұмысы туралы барлық ақпаратты bastauiff.kz сайтынан таба аласыз.     

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

СҚО-ның экс-әкімінің інісі жарты миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Істің мән-жайы тексерістен кейін белгілі болады

Қызылорда облысында жол апатына түсіп, қаза болған мұнайшылардың отбасыларына бір миллион теңге берілді

Бұған қоса жәрдемақы жарақат алғандарға да тағайындалған

"Қатты ауырдым. Гормон таблеткаларын іштім": Айдана Меденова мінсіз сұлулыққа қалай қол жеткізгені туралы

"Артық салмақ қосып алдым"

Қарағанды облысында жаппай көліктер соқтығысуда (видео)

Жол оқиғасы көктайғаө пен тұманның кесірінен болған көрінеді

Марғау 20 минут бойы жұмыс істеп тұрған кір жуғыш мәшиненің ішінде қалып, одан аман шыққан

Мысықтың иесі оны байқамай, қондырғыны іске қосып жіберіпті

Қарағандыдағы ұрланып, кейін қаза болған баланың анасы өлім жазасын талап етіп отыр

Полиция дұрыс әрекет етсе, балам тірі жүрер еді

Нұржан Қалжан: Хайп жасап атымды шығармай-ақ қойдым

Әнші өзінің хайп қумайтындығын жасырмады

«Орыстың қыздарына мүлдем бармаймын»: Мұқасан Шахзодаев қазақ аруларын ерекше бағалайтынын айтты

Әнші оған қоса ішімдік ішетіндігін де жасырмады

Сенатор Мұрат Бақтиярұлы: Қазақстан – көпұлтты мемлекет емес

"Қазақ жерін иемденген жалғыз ұлт - қазақ"

Қазақстандықтардың шетелдік сайттардан зат сатып алуы қиындайды: Жаңа ереже 1 қаңтардан бастап іске қосылады

Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр