Соңғы жаңалықтар

Жамбылда төрт адам Сібір жарасын жұқтырған

Жамбылда күйдіргі жұқтырған төрт адам ауруханада жатыр. Аса қауіпті індеттке шалдыққан науқастардың жағдайы қалыпты дейді ақ халаттылар. Ал мал дәрігерлері аталмыш кеселдің қайдан келгенін білмей бас қатыруда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.

дәрігер

"Тиісті ем қабылдауда. Жұқпалы аурулар ауруханасында 20 күндей ем қабылдайды.  Сібір жарасы адам өміріне өте қауіпті. Өйткені бұл аса қауіпті індет", - дейді Жамбыл облыстық инфекциялық аурулардың қатерлерін бақылау кеңестік-әдістемелік орталық жетекшісі Гүлфайра Мырзабекова.

Науқастың біреуі – Жуалы ауданы Шақпақ ауылындағы шаруа қожалылығының шопаны. Ал екіншісі – әйелі. Өзге екі азамат – қасапшы. Соңғы екеуі – Жамбыл ауданының тұрғындары. Бұларға аса қауіпті індет мал сойған кезде жұққан деген күдік бар. Өйткені өздері он шақты күн бұрын қыстақтағы қожайынның сиырын бауыздаған. Кейін бәрінің денесін жара басқан. 

Қазір осы науқастармен байланыста болған 44 адам мен ауылдың мал дәрігері де қатаң бақылауға алынды. Ал өңірдегі ветеринар мамандары кәсіпкердің қорасында өлген алты бас сиырдан сынама алынды дейді. 

Алайда бірде-біреуінен күйдіргі дертінің белгілері анықталмапты. Сонда кеселдің қайдан жұққаны түсініксіз. Жағдай бүгін облыс әкімдігінде қаралды. Әзірге олар індеттің ізіне түсе алмай жатыр. Ал ел арасында күйдіргіден өлген 20-дан астам ірі қараның еті қаладағы шұжық цехына өткізілген деген қауесет тарады. 

"Қазір біз аурудың ошағын іздеу барысындамыз. Осыныны анықтауда тапсырма берілді. Ия, қазір неден болғанын таппай жатырмыз",- дейді Жамбыл облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы Қанатбек Қартабаев.
 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Головкин - жақсы бизнес көзі": "Канело" үшінші жекпе-жекке келісті

Альварес: "Егер олар маған жақсы ұсыныспен келсе, біз үшінші жекпе-жек өткіземіз"

"Өзін банкрот жариялайтын уақыт жетті": Қоғамдық кеңес жаңа заң шығаруды ұсынды

Белсенділер сонда өмірден түңіліп, суицид жасайтындар азаятынын айтып отыр

Соққыға жығылған Қытай азаматтарының жағдайы бірқалыпты

Тексеріс барысында 33 Қытай азаматының көші-қон заңын бұзғанын анықтады

"Менің кабинетім үлкен емес": Еден жуған шенеунік қызметінен кетті

Әнуар Жанғозин елорданың білім басқармасына басшы болып тағайындалған күннен бастап басы даудың ортасында жүрді

Елорданы дүр сілкінткен педофил ұсталды

Педофилдің қашып кеткені туралы әлеуметтік желі арқылы білген елордалық тұрғындар дүр сілкінген

20 дана таблетка ішкізіп, алып кеткен: Шымкентте жоғалған азаматты тапты

Қайта келгенде ұлының дені сау болмаған

"Аяусыз ұрған": Қарағандыда қыздар арасындағы төбелестің видеосы тарап кетті

Бірін-бірі аяусыз сабаған қыздардың не бөлісе алмай қалғаны - түсініксіз

Жас бүлдіршіннің әнін сүйемелдеген Димаш Құдайберген жұртты сүйсінтті

Президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин бұл туралы парақшасында жариялады

Атыраудағы сәби өлімі: Бас дәрігердің телефондағы жазбасы толық жарияланды

Немереснің тағдырын телефон арқылы шеше салған екі дәрігердің әңгімесін естігелі әжейдің ұйқысы қашқан

"Тіл тартпастан көз жұмған": Ерболат Беделханның ата-анасы қайтыс болған жол апатына байланысты полиция мәлімдеме жасады

Қарсы бағыттағы жүккөлігімен соғысқан жолаушылар оқиға орнында жан тапсырған
Çàãðóçêà...