Жамбыл облысындағы жарылыс: Генерал-майор Қайдар Қарақұлов қамаудан босатылды
19 сәуір күні Жамбыл облысында оқ-дәрі қоймасындағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс бойынша ұсталған бұрынғы қолбасшысы, генерал-майор Қайдар Қарақұлов қамаудан босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, генерал-майорды қамауда ұстау қажеттілігі болмаған. Қазір сотқа дейінг тергеу жүріп жатыр.
"Қарақұловты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау қажеттілігінің болмауына байланысты Бас прокурордың көмекшісінің қаулысымен уақытша ұстау изоляторынан босатылды", - делінген ІІМ Тергеу департаменті әскери тергеу басқармасының хабарламасында.
Талқылау
Пікір