AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысындағы жарылыс: Қаза тапқан өрт сөндірушіге ескерткіш орнатылмақ

Әскери бөлімдегі жарылыс кезінде қаза тапқан Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары Мейіржан Аймановқа “Халық қаһарманы” атағы беріліп, Тараз қаласында арнайы ескерткіш қойылмақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Жамбыл облысының әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Ескерткіш орнату туралы бастама облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қаза тапқандардың отбасына мемлекеттік наградалар табыстаған кезінде айтылды. 

Мейіржан Аймановтың туыстары бұл бастаманы қолдады.

"Ерлігін ұмытпай, болашақ ұрпақ үлгі болсын деп ескерткіш орнатқысы келгені дұрыс. Оның балалары аман болсын. Олар әкесін мақтан тұтады. Екінші және үшінші ұлдары оның ізімен жүруді армандады. Өрт сөндіру және құтқару спорты бойынша жарыстарға қатысып, алдыңғы қатардан көрініп жүр. Мейіржан көп армандады, оның жоспарлары көп болды. Мен олардың орындалуы үшін бәрін жасағым келеді", – дейді Мейіржан Аймановтың анасы.



Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы қайғылы оқиға 26 тамызда орын алды. Тараз маңындағы әскери бөлімнің аумағында өрт шығып, содан кейін оқ-дәрілер жарыла бастаған. 

Соңғы мәліметтер бойынша, 15 адамның қайтыс болғаны ресми түрде анықталды. 90-ға жуық адам жарақат алды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр