Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында полицейді пышақтап, өртеп жіберген: ІІМ істі айрықша бақылауға алды

Жамбыл облыстық полиция департаменті полицейдің өртелген денесі табылғаны туралы деректі растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жамбыл облысында полицейді пышақтап, өртеп жіберген: ІІМ істі айрықша бақылауға алды

Полицейдің денесі 5 шілдеде Шу ауданында табылған.

«Жәбірленушінің тұлғасы анықталды. Ол полиция қызметкері болған. Хирургиялық ота жасатуына байланысты, 2019 жылдың 16 мамырынан бері денсаулығына байланысты еңбек демалысында болған», - делінеді полиция хабарламасында.

Сонымен қатар ведомстводағылар қылмысты ашу мақсатында ІІМ мен Жамбыл облыстық полиция департаментінің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел тергеу тобы құрылғанын мәлімдеді.

ҚР ҚК 99-бабы 1-тармағына (Кісі өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ішкі істер министрлігі істің тергелуін айрықша бақылауға алды.

Еске сала кетсек, бұған дейін БАҚ-та полиция қызметкерін пышақтап, өртеп жібергені туралы ақпарат тараған еді.

Талқылау