Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында көлігіне тапшан орналастырып, мигранттарды тасымалдаған жүргізуші анықталды (видео)

Жамбыл облысында полицейлер мигранттарды ел аумағы арқылы заңсыз алып өту үшін көлігіне тапшан орналастырған жүргізушіні анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

көлік

Полиция мәліметінше тексеріс кезінде ГАЗель автокөлігінде 12 жолаушы болған. Оның 5-еуі балалар екен. Тексере келе жүргізушінің Қазақстан аумағында төлемеген бірнеше айыппұлы барын анықтаған. Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 5 және 7-бөлігі (Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша хаттама толтырылды. Ал көлік айып тұрағына қойылды. 

“Жүргізуші мен жолаушылар көрші мемлекеттің азаматтары екендігі және Ресейге табыс табу үшін бара жатқаны анықталды. Олардың заңсыз қайта жабдықталған көлікпен осындай алыс жолға шыққанда не ойлағаны белгісіз. Ең бастысы біз дер кезінде тоқтатып, жауапсыз әрекеттің теріс нәтижесінің алдын алдық. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. Қызмет барысында біз күн сайын әртүрлі жағдайларға тап боламыз. Құрметті жол қозғалысына қатысушылар, жол ережелерін қатаң сақтаңыздар! Бұл жолы барлығы сәтті болады немесе қорқынышты ештеңе болмайды деп ойламаңыздар. Ешкім ешнәрседен сақтандырылмаған, кез-келген уақытта кез-келген жағдай болуы мүмкін! Жолдардағы қауіпсіздік үшін әрқайсыңыз жауапты екеніңізді түсініңіздер!” – деді Жамбыл облысы ПД ППБ командирінің міндетін атқарушы Дәулетбек Жанғабылов.

Талқылау