Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында 17 жастағы мектеп оқушысы жоғалып кетті

Жамбыл облысында 17 жастағы мектеп оқушысы іздестіріліп жатыр.

Жамбыл облысында 17 жастағы мектеп оқушысы жоғалып кетті

"Бір күн бұрын ол Тараздағы үйінен шығып, қайтып оралмады", - деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жамбыл облыстық полиция басқармасы 2002 жылдың 29 шілдесінде дүниеге келген 11-сынып оқушысы Асылжан Доктырбайды іздеуде. 31 қазанда сағат 12:00-де қыз үйден шығып, әлі күнге дейін оралмаған. Белгілері: бойы 150-155 сантиметр, дене бітімі орташа, шашы ұзын қоңыр. Ерекшеліктер: төменгі ерннінде мең бар», - деді полицияда.

Қыз ақ свитер, ақ кроссовка, қара шалбар киіп, қара сөмкесін асынған.

«Біз жоғалған қыз туралы ақпарат білетіндерген 8 (7262) 34-36-35, 99-75-05 немесе 102 нөміріне хабарласуды сұраймыз», - деді полиция.

Талқылау