Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жалғас Жұмағұловты UFC-де жеңген бразилиялық спортшы қазақстандық лиганың белбеуіне таласады

Әлемге әйгілі UFC тұжырымында Жалғас Жұмағаловты жеңіп кеткен бразилиялық спортшы қазақстандық лиганың чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото:UFC

 UFC тұжырымында Жалғас Жұмағұловты жеңіп, Сергей Морозовтан жеңіліп қалған бразилиялық спортшы Раулиан Пайва Alash Pride тұжырымының чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді. Тәжірибелі бразилиялық файтер 1 қараша күні өтетін Alash Pride 101 турнирінің басты жекпе-жегінде жұдырықтасады. Пайваға қарсы отандасымыз Руслан Сариев күш сынайды. Қос спортшы 61 келі салмақтағы чемпиондық белбеудің иегерін анықтайды. 

Айта кетейік, Руслан Сариев шаршы алаңда 18 жекпе-жек өткізіп, он бесінде жеңіске жетсе, Пайва UFC-де 7 кездесу өткізіп, 4 жекпе-жекте жеңіске жеткен. 

Талқылау