Жалған ойындарға алданып қалмаңыз: Инстаграмдағы ұтыс ойындарының артында кім тұр

Соңғы кездері Инстаграм желісі арқылы алданып қалдым дейтіндердің қатары көбейген. Ал, пәтер мен көлік ойнатып жатқан ұтыс ойындарын қадағалап жатқан жан бар ма?

Бес мың теңгеге билет алып, пәтерлі бола салу әркімнің арманы. Осындай арманмен алданып қалмайтыныңызға кім кепіл? Оның артында кімдер тұр? Жалған ұтысы жарға соқтырғандай неге жазаланбайды? Бұл туралы 31 арнаға сілтеп  Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әдетте билетті суырып алатын адам атайды. Ал, инстаграм ойындарының бірінде билетті суырып алған адамнан екінші адам қолын көлегейлей алады. Оны ешкім байқап жатқан жоқ. 

Журналист Бибігүл Дәулетбекқызы кітабының тұсаукесер рәсімінде құндыз тон сыйлап, артынан қалмаған адамның өтінішн орындаймын деп, соңында қылмыстық істің ақ-қарасын анықтауға тура келгенін айтады. Инстаграм желінісінде 143 мың оқырманы бар журналист әр ақпаратты саралап салатын әдетіне басып, ұтыс туралы есеп бермеген ұйымдастырушыдан секем алғанын айтады. 

Күмәнім расталған күні ұтыс иесі қорқытуға көшті. Ал, пәтер ұтып алу үшін ойынға қатысқандар саны арта бастады дейді журналист. 

Жанар есімді азаматша ұйымдастырған ұтыс ойынына қатысу үшін билет алғандардың саны күн санап арта бастаған. Алды полицияға шағым түсіріп үлгеріпті. 

"Мәрзия Жұмабекова бірнеше билет алды деп айтылды. Бірақ ондай кісі болса, сол жерде отыратын шығар", - дейі шағымданушы. 

Жанар есімді азаматша көзілдірік таққан әжейдің қолындағы билетін жұлып алып, қолымен көлегейлеп өзі атайды. Ұтыс иесі болған Мәрзия телефонын көтермейді. Осы жайтқа байланысты қатысушылар пәтер ұтысы әділ өтпеді деп шағымданды.

Осыдан соң өзін Мәрзия Жұмабековамын деп таныстырған кісі пайда болады. Алайда Алматы полициясы бұл кісінің есімі Мәрзия емес екенін айтты. Тіпті осы кісі мен Мәрзия Жұмабекованың да жалған құжаты жасалғанын анықтаған. Осы себепті ұтысты ұйымдастырушы қамауға алынды. 

Жанардан ешқайда кетпеу туралы қолхат жазылып алынды. Ол "Алаяқтық" бабы бойынша айыпталды. Ал, Бибігүл Дәулетбекқызы оның бостандықта жүрген уақытында тағы қылмысқа баратынын айтады. Жанардың жайы Алматы прокуратуасына жолданды.

Елімізде 5 мың теңге беріп, баспаналы болғысы келетіндер, оңай олжаға кенелгісі келетіндер көп. Әсіресе, танымал жандарға сенетіндердің қатары көп. Ал, желіде ұтыс ойындарын ұйымдастырып жатқандардың шынайылығын ешкім тексермейді. 

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Жыныстық қатынас арқылы: Дәрігер қазақстандықтарға арқа ауруын емдеудің жолын үйретті

Жыныстық қатынас психологиялық және соматикалық денсаулықты жақсартады

Қызылордада күзетшіге қол көтерген екі азамат ұсталды

Оқиғаға қатысты министр пікір білдірді

"Дірілдеп отырмын": Байзақова көршілерінің күн көрсетпей жүргенін айтты

Көршілері атышулы арудың көлігіне жұмыртқа атып кетеміз деп қорқытқан

Төсекке таңылған шымкенттік полицейге пәтер берілді

Оқ омыртқасын зақымдап, полицей өздігінен жүре алмай қалған

Қостанай облысында сүндеттелген 10 бала ауруханаға түсті

Кейде дұрыс сүндеттелмеген балаларға тері пластикасы жасалады

Кімге қарбыз жеуге болмайды?

Қауын мен қарбызды 19:00-ден кейін тұтынбаңыз

15 жыл бойы құрылысы бітпеген: Елордадағы баспана бұзылып, орнына жаңа нысан салынбақ

Тұрғын үйді бұзуға 150 миллион теңге бөлінген

7 жыл мүгедек әйелін арқалаған азамат көмек сұрап жүр

Қарлығаш Тұрақбаева 2012 жылы миында ісік бар екенін білген

Арыстағы жарылыс: әскери бөлім бастығы мен оның орынбасары қамауға алынды

Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда

Көлікке тап берген: Ер адам 3 метрлік жылан ұстап алды

Ер адам жыланды пластик құбырмен алдаусыратпақ болған
Çàãðóçêà...