Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жәкішевті түрмеде қалдырған сотпен келіспеймін": Бизнесменнің адвокаты жалғыз өзі наразылық білдіруге шықты

Құқық қорғаушы Сергей Дуванов бизнесмен Жәкішевке қатысты сот шешімімен келіспейтінін айтып, оңтүстік астанада наразылық шарасын өткізді. Бұл туралы "31 арнаға" сілтеме жасап, Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Дуванов Республика алаңының алдында Мұхтар Жәкішевті бостандыққа шығаруды талап етті. Қолында плакаты бар құқық қорғаушыны полиция қызметкерлері сырттай бақылап тұрды. Қазақстанда жалғыз шеруге тыйым салынбайтын болған соң, тәртіп сақшылары оны тұтқындаған жоқ. 

Он минутқа созылған шарада Дуванов Мұхтар Жәкішевке қатысты сот шешімімен келіспейтінін айтты. "Жәкішевті түрмеде қалдырған соттың шешімен келіспеймін", — деді ол. Ер адамның шара ұйымдастыруының себебі де осы. Құқық қорғаушының пікірінше, темір торға қамалған кәсіпкер өз жазасын он жылдың ішінде өтеді және ол бостандыққа шығуға лайықты. 

Сергей Дувановтың өзі қыз зорлады деген айыппен үш жарым жылға сотталған. Сотталмай тұрып ол адам құқықтары жөнінде Варшава мен Нью-Йоркта баяндама жасамақ болған. 

Естеріңізге сала кетейік, 24 шілдеде Семей қаласының сотында Мұхтар Жәкішевтің шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініші қаралды. Сот өтінішті қанағаттандырмады.

ҰАК АҚ бұрынғы басшысы 2010 жылы 14 жылға сотталған. Ол жымқыру және пара алу үшін кінәлі деп танылды.

Қазақстандықтардың бір бөлігі кәсіпкер жазаны өтеп бітті деп санаса, екіншісі бұл пікірмен келіспейді. Белгілі кәсіпкер әлеуметтік желідегі парақшасында  төрт жыл өтпей Жәкішевтің бостандыққа шықпайтынын айтып, пікірімен бөлісті. 

Талқылау