Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаһандық жылыну салдарынан жер өмір сүруге жарамсыз болып барады

БҰҰ басшысы соңғы жылдары клматтың күрт жылынуы жердегі тіршілікктің тоқтауына кері әсер етіп жатқанын мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Фото: news.un.org

Анитонио Гутериш дәл осылай жалғасса жақын уақытта жер өмір сүруге жарамсыз планетаға айналатынын айтып, дабыл қақты. БҰҰ ресми сайтындағы дерекке сүйенсек, соңғы уақытта жаһандық жылыну процесі жыл сайын 1,5 градус цельсий шегінде байқалуда. Егер бұл мөлшерден асып кетсе климаттық апат көбейеді деп отыр. Яғни, салдарынан мұздықтар ериді, теңіз деңгейі көтеріледі, құрғақшылық пен су тасқыны артады. Тіпті флора мен фауна әлеміндегі көптеген түрдің, кей елді-мекеннің жойылуына алып келуі мүмкін. 

“Қазіргі уақытта температураның шектік деңгейін қалыпты ұстауға күш салу керек. Қазба жұмыстарын азайтып, энергия көздерін алу жүйесін өзгерту керек. Бұған бей жай қарауға болмайды. Барлық мемлекет жаөандық жылыну салдарымен күресуі тиіс”, - дейді ол. 

Сондай-ақ, Анитонио Гутериш метеорологиялық жағдайлар климаттың өзгеруіне қарсы күресті кейінге қалдыруға болмайтынын тағы бір дәлелдеп отырғанына тоқталған.

Талқылау