Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жағдайым жоқ": Мақпал Жүнісова неге шетелге шықпайтынын айтты

Мақпал Жүнісова неге шетелге шықпайтынын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасап.

Сахнаның гүліне айналған Мақпал Жүнісова өзгелер секілді шетелге барып демалуға қаражаты жетпейтінін айтты. Тойларда жоғары сұранысқа ие әнші шетелге бармай-ақ қаражатының кететін жері дайын тұрғанын жеткізді.

"Құдайға шүкір! Мен біреуден әлдеқайда алдыда өмір сүріп жатқан шығармын. Өйткені мен нанның ар жағына да, бер жағына да май жағып жей аламын. Ал біреулер сияқты мен шетелдетіп демала алмаймын. Менің ондай жағдайым жоқ. Ол шынымен солай", - дейді Мақпал Жүнісова.

Артық ақшасы болса, туғандарына көмектесетін өнер иесі, өзіне қызмет көрсететін адамдардың да еңбегіне төлеуім керек деп ағынан жарылған. Осылайша Мақпал Жүнісова тапқан табысы қажеттілігінен артылмайтынын жеткізді.

"Мен шетелдетіп жүрсем, менің туысқандарым, достарым не болады? Шопырлар мен күзетшілерге кім ақша төлейді? Соның бәрін минус, плюс деп қарағанда тәубә. Бірақ, ақшаң көп болса жақсы", - дейді Мақпал Жүнісова.

Талқылау