Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жағдайы ауыр": Шамалғандағы апаттан зардап шеккен балаға ота жасалды

Шамалған станциясында пойыз бен автобус соқтығысуы салдарынан зардап шеккен балаға ота жасалды. Алматы облыстық денсаулық сақтау жол апатынан зардап шеккен үш адамның денсаулығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Арыстағы жарылыс: Дәрігерлер зардап шеккен балалардың жағдайы туралы айтты

Белгілі болғандай, Қарасай аудандық орталық ауруханасының базасында Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасы мен қалалық № 1 клиникалық аурухананың дәрігерлері зардап шеккен 2014 жылғы қыз балаға ота жасаған. Әзірге баланың жағдайы ауыр. Ал 2016 жылғы бүлдіршіннің денсаулық жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. 

«Екі пациент те комада, жасанды демалдыру аппараттары қосылған. Ал аналарының жағдайы тұрақты ауыр», - дейді әкімдіктегілер. 

Зардап шеккендерге медициналық көмекті жұмылдыру үшін Алматы облысы мен қаласындағы білікті мамандар тартылды. Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмектер көрсетілуде. 

Жағдай облыс әкімінің жеке бақылауына алынған.

Еске сала кетсек, ірі апат Алматы облысының Шамалған станциясында орын алды. Автобус жүргізушісі сигналдарға қарамастан теміржолға шығып кеткен. Салдарынан үлкен жылдамдықпен келе жатқан пойыз автобусты қағып кетті. Оқиға орнында бір адам қаза тауып, тоғыз адам жарақаттанды. Олардың екеуі - бала, біреуі - әйел адам. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ірі жол апатына қатысты Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында көңіл айтып, тергеу амалдары басталғанын хабарлады. 

Талқылау