Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жағалаудағы куәгердің бәрі жылады: Ақтауда жасөспірім суға кетті

Ақтауда "Солдат" жағалауда жасөспірім суға батып кетті. Суға түсіп жүрген үш жеткіншек жағалаудан алысқа ұзап кеткен.

Жағалаудағы куәгердің бәрі жылады: Ақтауда жасөспірім суға кетті

Су ағысы үш жеткіншекті ағызып әкетті. Жасөспірімдер судан өздері малтап шыға алмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ладаға сілтеме жасап.

Жағалаудағы адамдар бірден көмекке ұмтылды. Суға кеткен бір адамның денесі табылды. Оны жедел жәрдем қызметі алып кетті. 

Жағалаудағылар бір бірін қолынан ұстап, "тірі арқан" құрды. Оқиға орнына құтқарушылар келіп жеттін. Кешкілік уақытта мәйітті жағаға шығарды. 

Дәрігерлер жеткіншекті құтқармақ болғанымен, қолдан келмеді. Жасөспірімнің денесін мәйітханаға алып кетті. 

Оқиға орнында марқұмның туыстары бар. 

"Бала мен оның туыстарына обал болды. Полицейлерден бөлек, онда жүрген барлық адам көмектесті. Көмекке ұмтылғанның бәрі жылады", - дейді куәгерлер.


"Зираттан тірі шықты": Қазақстандықтың суреті әлемдік БАҚ-тың назарында >>>
Талқылау