Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда зейнетақы төлемі жоқ қызметкерлерге несие беріле ме?

Коронавирустық пандемияға, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналарына байланысты салықтық жеңілдіктер қазақстандықтарға несие беруге қалай әсер етеді?

Тоқаев: Несиелік қарызы барларға бұл жолы көмек көрсетіледі, бірақ екінші рет қайталанбауы керек

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Шынында да, клиент қаржы институтына жүгінген кезде менеджерлер оның төлем қабілеттілігін тексереді. Кейбір қазақстандықтарды алаңдататыны - соңғы алты айдағы зейнетақы жарналары туралы мәліметтер. Зейнетақы жарналарының жоқтығы - несие беруден бас тартудың себебі ме?

Көптеген қазақстандық жалақыларын әлеуметтік төлемсіз, зейнетақы жарнасы мен салықсыз алды. 

Туристік бизнес өкілдері, кино прокат, мектепке дейінгі және кейінгі білім беру, фитнес, бютииндустрия, стоматология, курортты бизнес тағы басқа төтенше жағдай кезінде жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған қызмет түрлерінде жұмыс істейтін азаматтарға наурыз бен тамызға дейінгі аралықтағы ұсталған ақшасы қайтарылды немесе қайтаруы керек. Ал, ірі бизнес өкілдеріне наурыз бен мамыр аралығына дейін есептеледі. 

Ал, банктен несие алатын кезде клиенттің төлем мүмкіндігін тексереді. Банк қызметкерінің айтуынша, несиені беруді автоматты жүйе мақұлдайды. Оған банк қызметкері араласа алмайды. Клиенттің ай сайынғы зейнетақы жарнасы мен төлем мүмкіндігі тексеріледі. Егер зейнетақы жарнасы төленбесе де, картадағы ай сайынғы түсімі есепке алынады. 

Қаржыгерлер банктің басқа да талаптары бар екенін айтады. Онда клиенттің банк өнімін тұтыну, карта арқылы транзакция жасау, депозит есепшотының болуы, жұмыс орнынан жалақы жөнінде анықтама болуын ескереді дейді. Яғни, зейнетақы төлемінің болуы міндетті емес. Ипотекалық займ да да солай. Алайда сізге рәсімдей ме, жоқ па оны банкте өтініш қалдырған соң білуге болады. 

"Егер алғашқы жарнасын төлейтін ақшасы болса немесе қосымша кепілдік мүміндігі болса, банк клиенттің табысын есептеместен оң шешім беруі мүмкін", - деді Қазақстан қаржыгерлер ассоцияциясының менеджмент жөніндегі директоры Динара Қалышева. 

 

Талқылау