Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Заңсыз әрекеттеріңіз – опасыздық": Мөлдір Әуелбекова Kaspi банктің басшылығына шүйлікті

“Құрмет” орденінің иегері, әнші Мөлдір Әуелбекова отандық банк қызметіне шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/moldir.auyelbekova/

Өнер иесі жеке бизнесіне Kaspi банк-тің кері әсер етіп жатқанын айтты. 

“Құрметті, банк басшылығы! Өндірісімнің сатылымын осымен екінші рет себепсіз бұғаттап отырсыздар! Менеджерлеріңіз себебін түсіндіре алмай отыр. Бұл заңсыз әрекет – менің кәсібіме жасалып отырған опасыздық деп есептеймін. Бұғаттау себебін түсіндіріп, сатылымды ашып, мәселені шешіп беріңіз”, – деп ашуланды әнші. 



Еске салайық, Kaspi Travel-дің кесірінен мыңдаған туристік агенттік банкротқа ұшырап, олардың басшылары билікке жүгінгенін жазған едік. 

Қазақстандық турагенттіктер жаппай банкроттыққа ұшырап, жабылудың аз-ақ алдында тұр. Олардың айтуынша, бұған себеп – Kaspi Travel-дің нарықтағы үстемдігі. Турды клиенттерге бөліп төлеуге беру үшін турагенттіктерге банкке 12-13% аралығында төлеуге тура келеді. Сондықтан клиенттерге ұсынатын бағаға да қосымша ақы қосылады. Ал Kaspi Travel клиенттерге пайызсыз төлем ұсына алады. Турагенттіктер бұл мәселені көтеріп, тіпті министрлікке дейін шыққан болатын. 

Талқылау