Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Заңға қайшы: Полицейлер мен еріктілер сайлау алдында үй-үйді аралап тізім жасап жүр

Полицейлер мен еріктілер сайлау алдында қала тұрғындарының пәтерін аралап, тізім жасап жүр. Кейбір азаматтар оларға керекті мағлұматты айтса, енді бірі есіктерін ашпай қойған. Заңгерлер саяси науқан алдында мұндай әрекет заңға қайшы екенін айтады.

Заңға қайшы: Полицейлер мен еріктілер сайлау алдында үй-үйді аралап тізім жасап жүр

Ал, елорда әкімдігі бұл шара сайлаушылардың тізімін жаңарту мақсатында өткізілуде дейді. Сонда кімдікі дұрыс?  Еріктілер жинаған жұрттың жеке мәліметтерін әкімдік қайтпек?

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Еуразия бірінші арнасына» сілтеме жасап хабарлайды.

Үй-үйді аралап жүрген, еріктілер тұрғындардан жеке мәліметін сұрап жүр. Видеоны түсірген азамат оны айтудан бас тартқанда, студент қыз қорқыту мақсатында ма, әлде өзінің жалғыз емес екенін көрсету үшін бе, есік артында тұрған полицияны шақырып келеді. 

Осылайша, 800-ге жуық ерікті пәтерлерді аралап, тұрғындардың жеке мәліметтерін жазып алып жүр. Яғни аты-жөні, жеке сәйкестендіру нөмірі деген секілді. Олардың 400-і елордадағы жоғары оқу орнының студенттері болса, 400-і полицейлерден құралған.  

"Уақытымыз аз. Ол азаматтардан сұрап жатқанымыз, 23.00-ге дейін өз есіктерін ашып мәліметтерін берсе. Көп үйлерде КСК-лар бар. Соларға барып солармен де жұмыс істейміз. Егер КСК өкілдері жоқ, 22-00 де келмеңіздер,  у-шу шығармаңыз десе болады. Жүйелі түрде жұмыс істейміз", - деді қала әкімі аппараты басшысының орынбсарары азамат Ахмеджанов. 

Әкімдік өкілдері еріктілер тұрғын үйлерді аралап жұрттардың жеке мәліметтерді алудан бөлек, сайлаушыларға дауыс беру ережесін түсіндіретінін айтады. Ал тұрғындар болса, еріктілер аты-жөніміз бен жеке сәйкестендіру нөмірімізді жазып алып, кетіп қалды дейді. 

"Волонтерлар келді, жеке мәліметтер сұрады. Аты-жөні, ИНН деген сияқты. Бірақ оны айтқан жоқпын".

"Волонтерлар келіп кетті үйге. Жеке мәліметтер сұрады. Аты-жөні, ИНН-ді жазып алып кетті", - деді тұрғындар.

Заңгер, әлеуметтік желінің белсенді қолданушысы Жангелді Сүлейменов өз парақшасында сайлаушылардың тізімдерін жаңарту мақсатында үйді аралау заң бойынша қарастырылмаған деген пікір білдірген. Ал елордадағы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі Абзал Бекбосынов еріктілер сайлаушыларға дауыс беру ережесін түсіндірмей, тек жеке мәлімет жинауы, ұйымдастыру жұмыстарында жіберілген үлкен қателік дейді. 

"Жас студентерге мәлімет беріп, жұмыстар жүргізілмеген. Олар не талап ету керек, халықтан не сұрау керек? Одан қалды олардың міндетіне не кіреді? Ол әрине, жоғары жақтан ұйымдастырып отырғандардың қателігі. Олардың міндетіне кіретіні, мәденетті түрде, халықпен кездесіп, үй-үйлерді аралап, өзінің не себепті жүргенін айтып беріп, өздерінің құжаттарын көрсетіп, мәлімет жинау", - деді заңгер.

Әкімдік дерегінше қазір елордада 600 мыңға жуық сайлаушы бар екен. Заң бойынша, дауыс беруге құқықтылардың нақты саны саяси науқанға дейін екі күннен кешіктірілмей белгілі болуы керек дейді мамандар. Ал еріктілер ешқандай мәлімет бермесе, сайлаушы қандай учаскеге барып дауыс беретінін анықтау үшін Ай-Көмек бірыңғай байланыс орталығы, болмаса Смарт-Астана мобильдік қосымшасы, әкімдік сайты сынды ресурстарды пайдалануға болады.
 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр