Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Залды қайран қалдырды: Димаш жеке концертінде інісімен бірге күй орындады (видео)

Нұр-Сұлтандағы жеке концерт кезінде Димаш Құдайберген өзінің кіші інісі Әбілмансұрды сахнаға алып шықты. Ағалы-інілі екеуі Құрманғазының "Адай" күйін орындап жұртшылықты таңқалдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Димаш құдайбергенов

Концертке келген көрермендер домбыраның құлағында ойнайтын ағайындылардың өнерін өте жоғары бағалады. "Адай" күйін нақышына келтіріп орындаған Димаш пен оның інісі шет елдік қонақтар мен залға жиналған көпшіліктің ықыласына бөленді. 

Делебені қоздыратын "Адай" күйі орындалғанда көрермендер қол шапалақтап, дауыстап айқайлап, қиқуға басып қолдады.

Естеріңізге саламыз, Димаштың жеке концерті 29 маусымда Нұр-Сұлтанда өткен еді. Жеке концертінде Димаш жан досы Денис Тенге арнап ән шырқап жұрттың жүрегін елжіреткен еді. Бұдан бөлек танымал әнші концерттен түскен қаржының бір бөлігін Арыстағы ағайынға аударатынын айтқан еді

 

Талқылау