"Ұзақ уақытқа кететінін сездім": Елордалық отбасы із-түзсіз жоғалған ұлын 10 жылға жуық уақыт бойы іздеп келеді

Нұр-Сұлтанда отбасы жоғалған ұлын тоғыз жылдан бері іздеп келеді. Полиция да, еріктілер де көмектеспейді екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Әскер Әбжанов 2011 жылдың тамызында жоғалып кеткен. Ол елордаға Конституция күніне арналған шеруді көруге барған. Жасөспірім ата-анасына қоңырау шалып, достарына тоқтағанын айтқан. Бірақ Әбжановтардың ұлының дауысын соңғы рет естіген сәті болды. Ол өзінің туған Сары оба ауылына қайтып оралмады. Жігіттің телефоны сөндірілген. Ал ата-анасы ештеңеге қарамастан баласының тірі екеніне үміттенеді.

"Мен ұзақ уақытқа кететінін сездім. Сен қайдасың деп сұрадым, ал ол телефонын сөндірді. Ал екінші күні телефоны өшірілген, мен бәрін түсіндім. Сөйтіп, байланыс жоғалды", - деді жігіттің әкесі Қайыржан Әбжанов.

Әскердің достарының байланыс нөмерлері ата-анасында болмаған. Ал полицияға жүгіну нәтиже бермеді. Жоғалған жасөспірімнің ешқандай ізін таба алмаған.

Жас жігіттің ата-анасы тіпті көріпкелдерге барған. Ол ұлының әлі тірі екендігіне сендірген. Сондықтан, Әбжановтар іздеуді тоқтатпайды және балалары үйіне қайтады деп үміттенеді.

Телеарнаның хабарлауынша, тек өткен жылы 2,5 мыңға жуық қазақстандық үйінен кетіп, қайтып оралмады. Олардың 176-сының мәйіті табылды, 250 адамның қайда екендігі әлі белгісіз. Жыл басынан бері елордада 100-ге жуық адам хабар-ошарсыз кетті, олардың жетеуі балалар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр