Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұйықтай алмаймын, бәрі көз алдымда": Қостанай облысында куәгер балалардың өлімі жайлы

Жітіқара қаласының тұрғыны Аждар Испанов ұйықтай алмай жүргенін айтты.

Ер адам Жетіқара көліндегі балалардың өлімі әлі күнге дейін көз алдында екенін айтады.

Мұздың астына түскен балаларға бірінші болып Аждар Испанов көмекке асықты.

65 жастағы Айдар Испанов балалардың айқайлағанын естігенін айтады.

"Мен көлге әлдекімдердің түсіп кеткенін көрдім де, оларға бірден жүгірдім. Мен екі баланы көрдім. Олар айқайлады. Қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Олар түбіне қарай тартылды, киімдері ылғал, ауыр болды. Мен түбіне жете алмадым. Ол жерде адамдар көп еді. Мүмкін қолымыздан ұстасып, бәрі көмектескенде болар ма еді. Полицейлер жарады, бірден көмекке келді. Мен ұйықтай алмай жүрмін, бәрі көз алдымда", - деп еске алады ер адам.

Аждар Испанов жағада адамдар көп болғанын айтады.

"Мүмкін егер олар тізбек жасағанда. Мені аяғымнан ұстап тұрғанда бұлай бомас па еді. Бұл менің өмірімде бірінші рет болған үлкен қайғы", - деген ойын айтты.

Айта кетейік, Қостанай облысында екі бала мұз астына түсіп кетіп көз жұмды.

Талқылау