"Ұйықтап жатқан жерімізден сыртқа қаштық": Түркиядағы қазақстандық жер сілкінісіне байланысты мән-жайды айтты
Түркияда зіл залада қаза тапқандар саны 912-ге жетті. 35 жастағы қазақстандық азамат Шоқан Әлтаевтың мұнда қыдырып жүргеніне бір айдан астам уақыт өткен. Азамат жер сілкінісінің ошағы болған Анадолыдан 80 шақырым жердегі Мерсин қаласына тұрақтаған. Сөзінше, зіл зала сезілген таңғы 4:30-дан бастап мұнда тұрғындар құжаттары мен қолдарына іліккен заттарын алып сыртқа шығуға тырысқан. Stan.kz тілшісі Шоқанмен байланысып, мән-жайды сұрап білді.

Азаматтың сөзінше, мұнда бұрын да аз балдық жер сілкінісі орын алып тұрған екен. Алайда сөзінше соңғы болған зіл зала Түркия тарихында ең жойқыны.
“Кеше шамамен таңғы 4:30-дарда 3-4 балда жердің дүмпулері сезіле бастады. Ұйықтап жатқан жерімізден бәріміз дереу құжаттарымызды, қолымызға түскен дүниелерімізді алып далаға қаштық. Тұрғындар үрейленіп дүрбелеңге түсті”, – деді Шоқан.
Қазақстандық азамат кейін өзі тұрған жерден 80 шақырымдай аралықтағы Адана қаласында бірнеше көп қабатты тұрғын үйлердің қирағанын естіген.

“Қайта бақытымызға орай, таныстарымның арасында зардап шеккендер болмады. Қазір елде қирандылар арасынан адамдарды құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Билік тарапынан, көрші мемлекеттер жақтан көмектер көрсетілуде. Жергілікті тұрғындар да барынша қол ұшын созып жатыр”, – деді азамат.
Шоқан Әлтаев мұнда дүмпу бұған дейін 1 балдан аспағанын айтады.
“Қазір қатты нөсер жағдайды қиындатқан. Соның салдарынан іздестіру жұмыстарына кедергілер туындатуда. Сонымен қатар ашық дереккөздерде Жерорта теңізі аумағында цунами жүру қаупі бар деген болжамдар пайда болды”, – деп қорытты азамат.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген