Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Ұяттан безген": Ұлын құшақтап суретке түскен Иманбаева сынның астында қалды

Ұлын құшақтап суретке түскен Айгүл Иманбаева сынның астында қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жұмыстың арасынан уақыт тауып, шетелге кеткен Айгүл Иманбаева демалыс кезінде ұлымен құшақтасқан суреттерін желідегі парақшасында бөліскен. Баласын демалысқа әрең алып шыққанын да жазды өнер иесі. Осылайша уақыттарының жақсы өтіп жатқанын жеткізді ол.

"Жұмыстың тығыздығынан демалысқа кейде уақытылы бара алмай жатамыз. Осы жолы достарымыз, балаларымызбен уақыт таптық. Осы жылы ұлымды демалысқа әрең алып шықтым", - дейді Айгүл Иманбаева. 

Алайда, Иманбаеваның бұл суреті желідегілердің арасында қатал сынға ұшыраған. Ұлымен құшақтасып түскен сурет жұрттың көңілінен шықпай қалған сияқты. Олар өнер иесін аналық міндетіңді ұмытып, ұлыңа жабысып тұрсың деп сөккен. Тіпті бірі киіміне, тұрысына, күлгені мен құшақтағанына сөйлеп, өнер иесін сынап тастаған.

"Не тұрыс мынау. Ұлыңмен есі дұрыс ана сияқты тұрмайсың ба. Өзіңнің ана екеніңді ұмытып кеткенсің ғой деймін", "Ана мен бала емес басқа рөлді сомдап тұрған сияқты, қисаңдап", "Жасыңа сай киінбейсің бе? Осы әншілер ұяттан безген ғой деймін", "Үстіңіздегі көйлек қысқалау емес пе", - деп пікір қалдырған.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр