Ыстамбұл үстінде жұмбақ нысан пайда болды
Түркияда Ыстамбұл үстінен аспанда жұмбақ нысан пайда болды. Оны ұшқыштар екі күн бойы байқаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі DHA порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Деректерге сүйенсек, қаланың шығысындағы Сабиха Гөкчен атындағы Ыстамбұл әуежайына қонған кезде ұшқыштар екі күн бойы белгілі бір нысанды байқаған. Борттағы жүйе онымен соқтығысу қаупі туралы ескерткен.
"Ұшқыштар өз кезегінде бұл туралы әуежай диспетчерлеріне хабарлайды", — делінген хабарламада.
Кейбір мамандар ұшқышсыз ұшу аппараттарының болуынан дабыл туындауы мүмкін деп санайды. Алайда Жағалау күзеті мен бірқатар басқа қызметтер жүргізген кең ауқымды тексерулер ауада және құрлықта қауіп белгілерін көрсетпеді.
Талқылау