Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұшақпен іздеген: Ыстықкөлде жоғалып кеткен қазақстандық ер адам таксимен қайтып келген

Биылғы жылдың 14 шілдесінде Ыстықкөлде жоғалып кеткен Қазақстан азаматы тірі болып шықты. Бұл туралы облыстық ішкі істер басқармасы баспасөз хатшысы Сталбек Усубакунов мәлімдеді.

Ұшақпен іздеген: Ыстықкөлде жоғалып кеткен қазақстандық ер адам таксимен қайтып келген

Сурет: Facebook/Samat Kydyrbaev 

53 жастағы қазақстандық Қара-Ой аулында су скутерімен жүріп, жоғалып кеткен. Артынша оның серігі милицияға жүгініпті. Осылайша, ер адамды іздестіруге 167 милиция қызметкері тартылған. Сонымен қатар ер адамды амфибия ұшағының көмегімен іздепті. Оқиға орнында 81 құтқарушы жұмыс істеп, 12 қайық қолданылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауына жеткен. Ал скутер суға батып кеткен. Әзірге қалай суға батып кеткені белгісіз.
Артынша ер адам таксимен қайтып келген. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін, оны полицияға шақырды.

Талқылау