"Ұшақ сыйлайтын күн алыс емес": Әнші Бүркіт әйеліне қымбат сыйлық алуды жоспарлап жүргенін айтты
Танымал әнші Бүркіт жары Аишаға ұшақ сыйлағысы келетінін жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://vk.com/albums-65530273
Өнер иесі журналист Әйгерім Сейфоллаға сұхбат беріп, осы күнге дейін әйеліне түрлі сыйлық бергенін айтты.
“Аишаға үнемі сыйлық жасағым келеді. Жасап та жүрмін. Оның көңіл-күйіне қарап тұрамын. Енді бір ұшақ сыйлағым келеді. Жеке ұшағымның болғанын қалаймын. Ұшқыш болу – бала күнгі арманым еді. Бірақ Аиша: “Ұшақты сен айдасаң, мен оған мінбеймін” деді. Маған сенбей тұр. Өйткені ұшақты өзім басқарғым келеді. Соның оқуын оқып, практикалық түрде үйренгім келеді. Жалпы жоспарда бар”, – деді әнші.
-
"Ене сіздей-ақ болсын!": Әнші Бүркіттің анасы келіні Аишаға өлең арнады
-
"Қай еңбегі үшін?”: Бүркіттің жары Аиша “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісімен марапатталды
Сонымен қатар өнер иесі жақында атақ алған әріптестеріне қатысты та пікір білдірді.
“Димаштың әңгімесі бөлек. Бүкіл дүниежүзін аралап, концерт беріп жүрген әртіс. Керемет феномен. Сол себепті бұл жерде салыстыруға келмес. "Халық әртісін" алу бізге әлі ерте. Менің ойымша, біз әлі соншама еңбектенген жоқпыз. Әр нәрсенің өз уақыты болады. Оған мотивация жақсы болу керек. Менің де мотивациям жақсы. "Еңбек сіңірген қайраткерді" алсам да, он жылдан кейін "Халық әртісін" беріп жатса, тек қуанамыз. Әрине оған дейін жақсылап еңбектенуіміз керек. Жұмыс істеп, көп әндер шығарып, халыққа қызмет етсек", – деді Бүркіт.
Еске салайық, "Осындай жар сыйлағаныңызға рақмет" деп өнер иесі әйелінің анасына көлік сыйлаған еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік