Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Ұрыс естіп тынамыз": Түркістан облысында көпбалалы аналар 21 мың теңге жәрдемақыны ала алмай жүргендерін айтты

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының көпбалалы аналары жұмыспен қамту орталығындағы мамандардың әрекетін адамға жан ашымастық деп бағалап отыр. Айтуларынша мамандар аналарға республикадан қаржы түспей жатыр, сондықтан күте тұрыңдар дегенді айтқан. Ал қаржысын күткендер орталық қызметкерлерінен мардымды жауап ала алмаймыз, қойылған сұраққа жауап алудың орнына ылғи ұрыс естіп тынамыз деп налып отыр.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды. 

Сарағаштық көпбалалы аналардың аудандық жұмыспен қамту орталығына деген өкпесі қара қазандай. Бірі бюлджетте қаржы жоқ десе, бірі қаржы сайлаудан кейін түседі деп отыр, дейді.

Ауданның әр түкпірінен келген аналар заңды талап қоюдан қалып барамыз, дейді. Өйткен әкімдер дау шығарғандарға ауыл биін салып, үркітуге көшкенін айтады. 

«Бәріміздің мамыр айындағы құжатымыз жатыр. Маусым болды. Бір ай бойы не істеп жатыр? қимылдау керек. Бақылап, тексеруі керек. Бимен қорқытқаны несі? Бидің үлкеніне дейін барамын», - дейді тұрғын Гүлвира Тоқтарова.

«Кейін өткізгені алды, бұрынғылары әлі жүр. Ақша берсе өтеді екен. Бюджетте қаржы таусылды» деген сөздер негізсіз», - дейді орталық басшысы. Ол әр қауесетке дәлел керек екенін айтты.

«Елде қауесеттер тарап жатыр. Олардың нақты дәлелі жоқ», - дейді аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Динара Динашева. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр