ҰОК басшысы Геннадий Головкин президент Тоқаевтың қабылдауында болды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰОК басшысы Геннадий Головкинмен кездесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: ҰОК
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшысы Геннадий Головкинмен кездесті. Мемлекет басшысына Қазақстан ҰОК-ның жұмысы мен алдағы жоспарлары туралы ақпарат берілді.
Геннадий Головкин спорт инфрақұрылымын жақсарту, қазақстандық спортшыларды жан-жақты дайындау және еліміздің халықаралық деңгейдегі беделін арттыру бойынша салалық министрлікпен бірге қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиадалық спорт түрлерін дамыту мен нығайту бойынша ҰОК-не үлкен міндеттер жүктелгенін атап өтті. Президенттің айтуынша, ұлттық құрамалардың әлемдік жарыстардағы нәтижелерін одан әрі жақсарту қажет.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Геннадий Головкинді Халықаралық бокс федерациясының (World Boxing) Олимпиадалық комиссиясының төрағасы қызметіне тағайындалуымен құттықтады.
"Түрмеде отырған баламды тағы 9 жылға соттап жіберді": Түркістандық ата-ана баласына жазықсыз жала жабылғанын айтып, Тоқаевтан араша сұрады

