Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұнамасақ төпештеп ұрады, зорлап тастайды": Блогер бәріне әйелді кінәлаған вайнды сынап тастады

Белгілі блогер Мадина Мусина вайнер Мейіржанның әйелдерге зорлық-зомбылық көрсету тақырыбындағы видеосын сынға алды. Айтуынша, аталған видеоның астарында «Бәріне әйел өзі кінәлі. Ер адам оны сол үшін ұрады» деген ой жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

вайн Сурет:  facebook.com/madina.mussina.1, instagram.com/meirzhach_tv

Блогер Мадина Мусина оқырмандары жіберген видеоны көріп жағасын ұстағанын жасырмады. Десе де, видеоға қатысты ойының екіұшты екенін айтады. 

«Бір шетінен адамдар вайнерлерден не күтеді? Ақыл? Парасат? Дамыған ми? Мемлекетімізде әйелдер өліп, шығатын жер таппай қиналып, митингілерге сұранып отырған тақырыпты әзілге айналдыру қаншалықты дұрыс? Мен мұның әзіл-қалжың екенін түсінемін. Бірақ қалжыңдайтын, қай жерде айналып өту керегін түсіну үшін ми керек. Ер адамның әйелін ұрғаны неге күлкілі болуы керек?

Дамымаған адамдардың мұндайда күлетіні түсінікті. Жалпы контент те солар үшін жасалады. Миы көптеу жандарға бұл күлкілі емес. Тыңдаңыздар, зорлық – қоғамның дерті. Әйелдерге зорлық-зомбылық көрсету – үлкен проблема. «Өзі кінәлі» деген таңба жағдайды бұрынғысынан бетер қиындата түседі және шешілместей қылады. Ал видео бәріне әйелдер кінәлі дегенді меңзеп тұр», - дейді Мадина Мусина. 

Әрі қарай блогер «сапалы» вайнерлердің әзілі лайық тақырыптарды қамтып өтетіне тоқталды. Алайда қазақстандық вайнерлердің дәрежесі саяси тақырыптар көтеруге жете бермейтінін ашып айтты. 

«Яғни біз әйелдер әрдайым ер азаматтарға ұнайтындай болуымыз керек екен. Әйтпесе төпештеп ұрады немесе зорлап тастайды. Әрине, барлығы қайдағы жоқ вайнға тиістің, бұл әзіл ғой деп айтады. Адамның күле білу қабілеті сана-сезімнің қай деңгейде екенін көрсетеді. Жалпы «ақылды» тақырыптарда ғана әзіл айтуға болады.

Жамбас пен әйелдерге тиісу туралы әзілдер қызық емес. Әлемдегі мықты әзілкештер саясат тақырыбын арқау етеді. Біздікілер олай істей алмайды. Зорлықтан күшті, ақылдырақ тақырыптар бар. Әрине, видео жиіркенерлік. Бірақ біз вайнерлерден не күтеміз? Достар, зорлық туралы әзілдер өзекті емес, сүйекке шығып алып би билеудің қажеті жоқ, өтініш», - деп сөзін түйіндеді блогер. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда балалармен митингіге шыққан ата-аналар жазаланады

Мәжіліс депутаттары заң енетін түзетулермен келісті

Қазақстан президентінің кеңесшісі тағайындалды

Президент Әлия Рақышеваны қызметінен босатты

"Байбек секілді ұстап алғыларың келе ме?": Шөкеев Түркістанда түскі ас құны қанша екенін айтты

Шөкеев: "Бір кездегі 500 теңгелік түскі ас туралы айтқан Бауыржан Байбек секілді ұстап алғыларыңыз келе ме?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанда құс тұмауы жоқ екенін мәлімдеді

Қазақстан құс тұмауынан аулақ болған ел болып танылды

Бірінші орында Lada: Қазақстандықтар қандай отандық құрама көліктерді сатып алады

Қазақстандықтар отандық құрама машиналарын сатып алуда белсенді бола бастады

Ғалымдар артық салмақтан арылудың ең оңай жолын айтты

Мамандар: Құпия кілті – физикалық белсенділік

"Өліп қаламын ба деп қорықтым": Ер адам дәрігерлердің сөзінен кейін 215 келіге арықтады

Ер адам: Клиникадан шыққаннан кейін отыра қалып, еңіреп жыладым

Ресейлік шұжықтан африкалық оба дерті анықталды

Вирус жылдың кез-келген уақытында тез тарала бастайды

"Менің де саясаттан хабарым жоқ": Зеленскийдің "сыңары" арасында оны алмастырып тұруға дайын екенін айтты

Умид Исабаев жуырда Мәскеуге көшіп барған болатын

Дәрігер өзін камераға түсірмек болған әншінің басын жарып, соққының астына алды

Оқиға сұлулық салонында болды
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр