"Ұлуларымды жақсы көремін, анда-санда еркелетемін": Ұлу өсірген алматылық келіншек үйде отырып бизнесін дөңгелетіп отыр

Алматылық келіншек Айгүл Тоқтарбайқызы ұлу терапиясымен үш жылдан бері айналысып келеді. Ол қыз-келіншектерді сұлу етіп ғана қоймай, ақша да тауып отырғанын айтады. Ұлу – бетті нәрлендірумен қатар, адамның шаршауын да басады екен. Ахатин ұлуының пайдалылығынан бөлек зияндығы бар ма? Бір адамнан екінші адамның бетіне салғанда түрлі бактериялар тасымай ма? Осыны білу үшін Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі косметологпен әңгімелесіп көрген еді.

ұлу

Әлемдік косметологияда Ахатин ұлуы бірнеше жылдан бері пайдаланылып келеді. Ал Қазақстанда бұл процедураның пайда болғанына көп уақыт өтпепті. Сұлулық салондарында жарты сағат ұлу терапиясын алу 3000 теңгеден басталады. Ал Айгүл үй жағдайында болғандықтан, 1500 теңгеге қабылдайды екен.

ахатин

«Сұлулық салонында бет тазалау және массаж жасаумен айналыстым. Қазір декретте отырған анамын. Сол уақыттарда маған келіп жүрген клиенттерім ұлу терапиясы жайлы сұрай бастады. Сұраныс көбейген соң курсына жазылып, оқып алдым. Міне, содан бері ұлу терапиясымен айналысып келемін. Ұлуларымды жақсы көремін, анда-санда сөйлесіп, еркелетіп тұрамын. Өйткені бұлардың сезім мүшелері жақсы дамыған. Сондай-ақ, кез келген қолға жайылып ашыла қоймайды. Ұлу терапиясымен айналысу үшін де оларды жақсы көре білу керек. Оларды бетке қоярда денесін тазартып, залалсыздандыру қажет. Бет терісі де алдын-ала тазартылады. Бетте крем немесе басқа да косметика болмағаны жөн. Су немесе сүт, қияр сөлін жағып барып, жүргізсе, жақсы қозғалады. Бетке ұлуды жарты сағат жүргізу керек. Осы уақыт ішінде ол өз жұмысын атқарып, бетті нәрлендіріп шығады. Ұлу табиғи түрде бетке пилинг жасайды. Оны пайдаланып бастағаннан кейін үзбей он күн жүргізу керек. Сол кезде оның нәтижесін көруге болады», – дейді Айгүл.

адам

Оның айтуынша,  оның баяу қозғалысы теріге жағымды әсер етіп, қан айналымын жақсартады. Сондай-ақ, ұлу шырышы беттегі ұсақ әжімдер мен дақтарды кетіруге көмектеседі екен. 

«Ұлу ақырын жылжи отырып, бауырынан сілекей бөледі. Кейін сілекейді бетке толықтай жағамыз. Оның кебуін күтіп, 10-15 минуттан соң жылы сумен шайып тастаймыз. Ұлу шырышының құрамында коллаген, гликоль қышқылы, табиғи антибиотиктер мен дәрумендер бар. Айта кетсек, терінің жастығын сақтайтын коллаген, эластин және А, С, Е, В6, В12 дәрумендері бөлініп шығады. Оның пайдасы – бетті тартады, әжімді және дақтарды кетіреді. Бетте безеу болса, соған да пайдасы бар. Көздің айналасындағы ісікті алады. Ұлу терапиясын тек қыз-келіншектер ғана алмайды. Ер адамдардың да бет терісі ерекше күтімді қажет етеді. Әсіресе, табиғи өнімдер теріге оң әсерін тигізеді. Қазіргі әр түрлі майлы кремдерден гөрі табиғи емнің нәтижесі жоғары. Ұлуды бетке 13 жастан бастап жүргізуге болады. Өйткені осы жастан бастап балалардың бетіне безеу шыға бастайды. Уақытында он күн алса, безеулері азаяды», – дейді косметолог.

 адам беті

Айгүл Ахатин ұлуын мойын остеохондрозын жоюға да пайдалануға болатынын айтады. Тіпті оның шырышы мен массажы дене целлюлитін азайтуға да себепші екен. Яғни, айта берсек Ахатин ұлуының тек пайдалы жәндік екенін ғана көруге болады. Ал оның адам ағзасына тигізер қандай зияндығы бар? 

«Кішкентай нәрестелердің кіндігі шығып жатады, соған да ұлу жүргізуге болады. Айта берсек, оның шырышының пайдасы көп. Бірақ егер адам қорқып, жиіркенетін болса, онда бұл терапияны алмай-ақ қойғаны дұрыс. Мұндай кезде аллергия беріп, бетіне бөртпе шығуы мүмкін. Бірақ өз тәжірибемде аллергия берген жағдайларды кездестірмедім. Ахатин ұлуы инфекция тасымайды. Өйткені бұлардың өз ағзаларында антибиотик бар. Өз-өздерін залалсыздандырып отырады. Бірақ соның өзіне қарамастан шөпке жиі жуындырамын. Егер ұлуға дұрыс күтім жасамаңыз, табанына құрт түседі. Сондықтан жуындырып, тамағын күнделікті ауыстырып отырған жөн», – дейді ұлу терапиясының маманы.

ұлулар

Жалпы косметологтар егер клиентте герпес, экзема немесе псориаз сияқты аурулары болса, онда оларды басқа адамға бір аптадан соң ғана қолдануға болатынын айтады. Өйткені денесіне ауруды сіңдіріп алған ұлу сол уақыт ішінде қайтадан жаңа шырыш дайындап шығарады екен. Бет терісін жасартып, оған әр сыйлайтын ұлудың күтімі де соған орай жасалады. Айгүлдің айтуынша, оны күнделікті жуындырып, тамағын ауыстырып отыру керек. Сонда одан иіс шықпайды, әрі жақсы жұмыс жасайды дейді.

косметолог

«Ұлу ерекше күтімді қажет ететін жәндік. Бала сияқты десем де болады. Ұлуларымды арнайы үйшігінде ұстаймын. Күнде жататын орнын жуып, тамағын ауыстырып отырамын. Айта кетсек, қияр, қырыққабат, сәбіз, жүзім, банан, қызанақ беремін. Кальций ретінде жұмыртқаның сыртын майдалап беремін. Ұлу ащы тағамдарды жемейді, тұздан бірден өліп қалады. Негізі ұлуды екі күнде бір рет жуындырып отырса да болады. Бірақ өзім тазалықты жақсы көрген соң, күнде жуындыруға тырысамын. Аптасына бір рет «голубая глина» деген батпаққа 15 минутқа салып қоямын. Мұның барлығы ұлудың өзін жақсы сезініп, таза болуы үшін қолданамын», – дейді Айгүл.

ұлу ахатин

Кейбір басылымдардың жазуынша, ежелгі Мысыр мен Вавилонда ұлуды «мәңгілік символы» деп санаған. Мысыр елінің ханшайымы Клеопатраның өзі осы Ахатин ұлуын пайдаланған-мыс. Ал Гиппократ болса ұлудың шырышымен ашыған сүтті арластырып, күйіктерді емдеп жазған деседі. Ендеше ұлудың бетке пайдасы қазір ғана белгілі болмаған. Оны бұрыннан пайдаланып келген екен.

әйел

«Ұлу терапиясынан кейін бетім сәбидің терісіндей жұмсарып кетеді. Келген сайын миым демалып, тынығып қаламын. Өйткені ұлудың әр қозғалысы массаж жасайды. Кейде бетіміз шаршап, көз алдымызда ісік пайда болып жатады ғой. Сол ісікті ұлу қайтарады екен. Екі жыл бұрын көзімнің астында әжім бар болатын. Ұлуды жүргізгеннен бастап ұсақ әжімдер жойылып кеткендей. Қазір бұрын көрмеген құрбыларым менің жасарып кеткенімді айтады», – дейді ұлу терапиясын алып жүрген Нұргүл ханым. 

Дайындаған Анар ДӘУКЕН

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте 300 адам ұйықтап қалған баланы жарты күн іздеді

Баланы іздеуге атсалысқандардың қатарында полиция қызметкерлері де бар

60 миллиард: Мемлекет "Қазагроға" тағы көмектеседі

2018 жылдың өзінде холдинг 400 миллиард теңге шығынға батқан екен

Жүргізуші әйел қарсыласының көлігінің күл-талқанын шығарып, қоқан-лоқы көрсетті

Ашуға бой берген әйел бұзақылығы үшін екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Павлодарда автоцистерна жарылып, бір адам қаза тапты

Жарылыстың мән-жайы анықталып жатыр

Конор МакГрегор қазақстандық боксшылар мен балуандарды жоғары бағалады

Макгрегор: Қазақстанда бокс керемет және бай тарихы бар

Елімізде имамдар да атаулы әлеуметтік көмек ала алады

Қазақстанда дін өкілдерінің еңбекақысын көбейту мәселесі қолға алынуда

282 факт: Қазақстанда жасырын болған сәби өліміне қатысты жаңа деректер айтылды

282 бала тірі туғанымен, өлі деп тіркелген

9 айда 156 нәресте: Атырау облысында жаңа туған сәбилердің неден шетінегені белгілі болды

Инфекциялық бақылау талаптары сақталмаған

Бірі жасөспірім: Жүк көлігінің ішінен 39 адамның денесі табылды

Жүк көлігінің 25 жастағы жүргізушісі кісі өлтірді деген күдікпен қамауға алынды

Алматылық сот төрешісін ақтап, кейін қайта соттады

Судья алаяқтық пен парақорлық үшін айыпталды
Çàãðóçêà...