Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк өкілі теңге бағамының әлсіреуіне түсініктеме берді

Ұлттық банктің монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов теңге бағамының құлдырауына түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қаңтардың соңғы күндері ұлттық валюта үшін жағдай күрделі болды. Нұржан Тұрсынханов айтуынша, бұл  әлемдік нарықтардың жалпы сақтану әрекетін білдіреді.

"Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша 28 қаңтарда теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы өткен аптаның жабылуынан (-)0,84%-ға әлсіреп, жабылу кезінде 424 теңге деңгейінде қалыптасты. Теңге бағамының қазіргі серпіні әлемдік нарықтардың жалпы сақтану жай-күйін көрсетеді.

ҰБ өкілінің сөзіне қарағанда вакцинацияға қарамастан, коронавирус пандемиясы әлемдік экономикаға әлі де болса үлкен қауіп төндіріп тұр. Оның үстіне Covid-19-дың жаңа штаммының таралуына байланысты әлем елдерінде локдаун енгізілуі мүмкін.

"Әлемдік экономиканың қалпына келуіне байланысты инвесторлар көңіл-күйінің нашарлауы шикізат нарықтарында тікелей көрініс береді. Қаңтардың басында жарияланған Сауд Арабиясының ақпан-наурызда мұнай өндіруді тәулігіне 1 млн баррельге төмендету туралы шешіміне қарамастан, COVID-19 ауруының жоғары болуы және оған байланысты қолданыстағы шектеулер мұнай бағасын белгілеуге қысым көрсетіп келеді", - деді Нұржан Тұрсынханов.

Оның айтуынша, қаңтардың соңында теңге бағамы қаржы нарықтарындағы өсімге және белгісіздікке қатысты қосымша ынталандырудың болмауына байланысты төмендеген. Ал айдың басында Brent сұрыпты мұнай бағасы бір баррель үшін 56,58 саудаланып, сәйкесінше, ұлттыұ валютаға да оң әсер еткен еді. Дегенмен ол ұзаққа созылмады.

"АҚШ экономикасын ынталандырудың жаңа топтамасын наурыздың ортасына дейін кешіктіру ықтималдығы туралы хабар тәуекел активтеріне жалпы теріс әсерін тигізді. Нарығы дамып келе жатқан елдердің көпшілігінде валюталардың теріс серпініне АҚШ доллары бағамының жаһандық нығаюы әсер етеді.

Осы аптаның басынан бастап Мексика песосы 2,0%-ға, Ресей рублі 1,4%-ға, Оңтүстік Африка ранды 0,5%-ға әлсіреді. Ресей рублі ерекше тәуекел факторларына ұшырауда, яғни жаңа санкциялар енгізу тәуекелі артты.   
Инвесторлардың тәуекелден бас таруы АҚШ ФРЖ басшысы Дж.Пауэлланың түсіндірулерін де күшейте түсті, ол жеңіл ақша-кредит саясатын ұстанатындығын растап, әлемдегі ең ірі экономикалардың ішіндегі біреуінің сақталып отырған проблемаларын білдіреді. Нәтижесінде АҚШ пен Еуропаның қор индекстерін түзету байқалады. Көптеген дамыған елдердің қор нарықтары құлдырауды көрсетті. Мысалы, аптаның басынан бастап S&P 500 индекстерінің және MSCI World акцияларының жаһандық индексінің төмендеуі тиісінше (-)1,4% және (-)1,65% болды.", - деді Ұлттық банктің монетарлық операциялар департаментінің директоры.

Оның сөзінше, осындай жағдайларда теңге бағамы әлемдік қаржы нарықтарының және мұнай бағасы негізгі факторға жататын іргелі фактордың жалпы конъюнктурасын көрсетеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр