Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,75%-ға дейін көтерді

 Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,75%-ға дейін көтерді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Ұлттық банк базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,75%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады. Бұл шешім болжамдар мен нақты деректердің талдауына негізделді. Оған геосаяси жағдайдың белгісіздігі мен салдары, сондай-ақ әлемде азық-түліктің жоғары бағалары сақталып отырған сыртқы ортаның факторлары негіз болды", - делінген хабарламада.

Еске салсақ, 26 қазанда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16%-ға дейін көтерген еді.Сонымен қатар ҰБ басшысы Ғалымжан Пірматов жыл соңына болжанып отырған инфляция мен ақша-кредит талаптарының бағалауларын ескергендерін, базалық мөлшерлеменің тағы да мүмкін екенін айтқан еді.

Талқылау