Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"20 теңгеге презерватив сатып алмау жауапкершіліктен босатпайды": Танымал продюсер "қазақтың санын көбейту үшін" туатындарға жауап берді

Белгілі «Той Best Star», «Екі жұлдыз» секілді бағдарламалардың ұйымдастырушылық жұмысында болған редактор, сценарист, продюсер Перизат Мырзахмет Stan-kz ақпарат агенттігіне сұхбат берді. Соңғы уақытта The real gap бағдарламасын жүргізіп жүрген ол отбасы, өткізіп жүрген шеберлік сабақтары мен басқа да жобаларды қатар алып жүр. Перизат көпшіліктің өзіне қоятын «Хиджапты неге шештің?» деген сұраққа жауап берді. Сондай-ақ, «подкастинг» жанрын түсіндіре кеткен ол, үкімет үшін туатын аналарға көмектесу керек пе дегенге өз пікірін айтты. 

перизат

–    Перизат ханым, The real gap ютуб-каналының өсімі қалай болып жатыр?
–    Танымал емес адамдардың жүргізуі халық үшін таңсық болып жатыр. Көпшілігі бұл «подкаст» жанрын түсінбей жатыр. Бір қызығы біз бағдарламада өзекті тақырыпты қозғап отырсақ, адамдар мені «неге шапкамен отыр» деген нәрсе айтады. 40 минут бойы көргендері – менің шапкам. Біздің ютуб-каналды миллион көрмей-ақ қойсын. Он адам көрсе де қанағат. Менің шапкамды емес, өзіне қажет нәрсені санасына түйсе деймін. 
–    Шапканы шештіңіз, енді олай сұрақ қоймайтын шығар? Ал шапканы шешуіңізге не себеп болды?
–    Көбі енді «Бағдарлама жүргізе бастағаннан шапка шештің», «иманың әлсіреп кетті ме?» деген секілді сұрай бастады. Басында орамал таққанымда намаздағы құрбым ол менің темпераментіме келмейтінін айтқан еді. Бірақ мен перфекционист адаммын. Намаз бастадым ба, онда барлық шарттарын орынадауым керек деп орамал жамылып алдым. Екінші себеп, ата-анам аман, жұмысым бар, жағдайым жақсы. Құдайға қазір шүкіршілік айтпағанда қашан айтамын деп ойладым. Сөйтіп жүргенде телеарналарға тінтіп кіргізетін болып, есті шығарды. Президенттік бір концертке орамалмен барғаным үшін стадионға кіргізбей қойып, сол кезде бастығым Динара Адам шапка киюімді өтінді. Өйткені егер мен концертке кірмесем болмайтын еді. Солай шапка кие бастадым. 3-4 жыл шапкамен жүрдім. Бірақ соңғы екі жылда шапканы шешу туралы ой келді. Намазымды оқимын, ораза ұстаймын. Күйеудегі әйелмін, балам бар. Өзімнің еркекшоралығым бар, несіне жанымды қинап жүрмін деп ойладым. Биыл жаз да ыстық болды, қатты қиналып кеттім. Сол кезде не еріккендік менікі дедім. Бірақ басында шапканы шешіп дүкенге барғанда өзімді жалаңаш сезіндім. Ақыры үйреніп кеттім. Оның өзінде кепка киіп алатынмын кейде. Негізі қазақтардың логикасына таңқаламын. Менен «Сіздің шашыңыз бар ма?» деп сұрайды. Ал кейбіреуі шапкаңды күйеуің шешкізді дейді. Біз күйеуім екеуміз бір-біріміздің ісімізге араласпаймыз. Мен не киемін, не шешемін өзім білемін.
–    Феминизмді қолдаушылардың бірісіз. Бірақ кейбіреулері феминизмді еркекті басыну деп түсінеді екен. Феминизм әйелді еркекке айдап салу ма?
–    «The real gap»-тың феминизм туралы тақырыбынан кейін маған қаншама адам жазды. Ішінде «Атам мені күйеуіме ұрғызды», «Енем күйеуім екеумізді шағыстырды», «Бірінші күйеуімнен бір бала, екіншісінен екі бала тудым. Одан да ажырасып кеттім. Қазір үйдемін. Бұрынғы екі күйеуім де қайтадан үйленіп алды» деген секілді хаттар көп келді. Оларды оқығаннан кейін жүрегім ауырды. Ең өкініштісі, мұндай оқиғалар қазақы оңтүстік өңірлерінде орын алып жатыр. Осыларды оқығаннан кейін өзімнің дұрыс бағытта келе жатқанымды білдім. Қазақ әйелдерін сауатты қылу керек екенін ұқтым. Қазіргіге қарағанда бұрынғы қазақ әйелдері құрметке көбірек ие болған. Феминизм тақырыбы бізге ешқашан жат болмаған. 
–    Ал феминизм қажет емес дейтін еркектерге не айтасыз?
–    Ана жолы бір бағдарламаға ер мінезді деген тақырыпта мені шақырыпты. Сол жерде «Ер мінезді қыздан жігіт қашпай ма?» деп сұрады. Саналы жігіт болса, ол ешқашан ер мінезді қыздардан қашпайды. Ұрпағының дені дұрыс болғанын қалаған жігіт оның сырт-келбетіне қарамайды. Мәселен мен еріккенімнен шалбар киіп жүрген жоқпын. Он үш жасымнан кәрі ата-әжемді қарадым. Шалбар көбірек қозғалу үшін, өзімді қорғауым үшін ыңғайлы болды. Ауылдан қалаға көшіп келгенде балалар жиі тиісетін. Сол кезде сіңілім екеумізді жалғыз өзім қорғап шығатынмын. Мен еріккеннен еркекшора болмадым. Әйтпесе мен де майысып жүрер ме едім? Бірақ еркекшоралықтың өміріме көп пайдасы тиді... Күйеуім алып қашқан кезде «Мен саған классикалық қазақ әйел болмаймын. Сені жұмыстан күтіп алып, аяқ киіміңді сүртіп, тамағыңды беріп тұрмаймын. Бекер алып қашып жатырсың» деп бірден айттым. Ол қарсы болған жоқ. Күйеуімді сол үшін сыйлаймын. Тұрмысқа шығып кеткен соң КВН-шіктер «Сенен бекер қорқып жүрген екенбіз. Баяғыда алып қашу керек екен ғой» деген еді. 

Перизат Мырзахмет

–    Қазақ әйелдеріне сауаттылық керек деп айтып отырсыз. Қазір қыз-келіншектер психологиялық, жыныстық сауат деген неше түрлі тренгингтерге қатысып жүр ғой...
–    Тек әйелдерге ғана емес, барлық қазаққа сауаттылық керек. Қазіргі жастарға жаным ашиды. Қазіргі жастар бос уақыттарында немен айналысады? Көбі дерлігінің оқығаны Құралай ханымның кітабы. Оны кітап деп атауға бола ма өзі, білмеймін. Қазаққа психологиялық, жыныстық, экономикалық, қаржылық, мәдени яғни, барлық жағынан сауаттылық қажет. Көпбалалы аналар «біз қазақтың санын көбейту үшін туып жатырмыз» деп айтады. Бірақ оларға «жатардың алдында қазақтың санын көбейтейік деп айтпайсыңдар ғой» дегім келеді. Шын айтайықшы. Кедей, жағдайы жоқ ана туа берсін дейік. Бірақ жоқшылықта өскен бала ертең сапалы білім ала алмайды. Оқи алмағаннан кейін ұрлық-қарлыққа көшеді немесе діни секталарға кіріп кетеді. Сонда біз қазақтың санын көбейтіп жатырмыз ба, сауатсыздардың санын ба? Үкімет көмектесу керек деп туа беру, 20 теңгеге презерватив сатып алмау жауапкершіліктен құтқармайды. 
–    Шоу-бизнесте де жүрсіз, кино саласында да. Бірнеше бағдарламаның жобасы сіздің идеяңыздан шыққан. Жалпы қазақ көрермендеріне не керек деп ойлайсыз?
–    Біз өзімізді әлемдік рейтингке қосқышпыз. Бірақ халыққа мәдениет жетіспейді. Сүзгі жоқ, қоқыстың барлығын қабылдап жатыр. Ал журналистер - рейтингтің құлы. Бір жер шулап жатса жетіп барады. Рейтинг алса болды, ары қарай ұмытып кетеді. Рейтинг қу, бірақ бағдарламаның ішінде халыққа бір дән болса да беріп кетуге тырысуың керек. Қазір әр жаңалықты әншілермен байланыстырады. Біздің құбыламыз неге сол әншілер болуы керек? Олармен жұмыс істегелі барлық көзқарасым өзгерді. Кейде таныстарыма қартайғанда осылардың өмірлері туралы кітап жазсам, шындықтан жүректерің айнитын еді деп айтамын. 
–    Актерлер, шоу-бизнестегілермен жұмыс істеп жүріп, етене араласа жүріп қандай ой қалыптастырдыңыз олар туралы?
–    Олар да құлқынның құлы. Көп әншілердің ішінен Жанар Айжанова апамды ғана сыйлаймын. Ол кісі өткенін, бүгінін, ертеңін де біледі. «Айт десе ит жүгіреді, иттің соңынан бала жүгіреді» демекші біздің әншілер қай жерде тамақ, қай жерде атақ бар сол жаққа қарай жүгіреді. Ал Жанар апам қандай болса, сол кейіпінде қала білген. Ешқандай атақ қумайды. Өзіне ұнағанын істеп, ұнамағанын істемейді. Әншілер ешқашан қоғамның айнасы бола алмайды. Оларды әні үшін ғана құрметтейік, ойы үшін емес. Ал біз болсақ, шетінен тұлға жасап алғанбыз. Бәріне топырақ шашпай-ақ қояйын. Бірақ көбісі қалай күн көрсем, байысам деп жүрген адамдар. «Абай жолы» кітабында Абай Біржан Салды ауылына алдыртқан кезде оны үлкендер неге жақтырмайды. Неге? Өйткені халық әншіге еріп кетпесін дейді. Әнші, ақын – эмоцияның адамдары. Кезінде сол сал-серілер талай қызды бұзып кеткен. Ал біз болсақ, сал-сері деп қазір төбемізге көтереміз. 
–     «Суперредактор» курсын жүргізіп жүрсіз. Басқа курстардан ерекшелігі неде?
–    Ол жерде ең бірінші мен талғам қалыптастырамын. Телевизия, интернет саласында болсын редактор ең аз табыс алатын, жұмысы көзге түспейтін мамандық. Бірақ талғам қалыптастыратын ол – редактор. Бағдарлама ішінде болатын әрбір сөз, әрбір іс осы адамның алдынан шығады. Мен курсымда алдыма келіп отырған жастардың талғамына қараймын. Өйткені редактор жақсы талғаммен болса, онда ол жүргізуші, продюсер де бола алады. Бұрынғы бастығым Динара Адам «негізі редакторлардан жақсы продюсер шығады» деп айтатын.
–    Сізді ортаңызда «Мегамозг» деп атайды. Бұған қалай қарайсыз?
–    Бұл сөзді Динара Адам ойлап тапқан. Ол кісіге алғаш жұмысқа келгенімде орамал тағатынмын. Орамал жамылатындарды «олар қазақшадан басқа ештеңе білмейді», «жалған патриоттар» деп ойлаған ғой. «Қазақтың 100 әнін» жасағанда қасымда Украинадан келген сценарист жүрген еді.. Жоба біткеннен кейін сол кісі Динара Адаммен әңгімелесіп отырып «Сіздің компанияңызда бәрін білетін адам жұмыс істейді. Қазақша, орысша, ағылшынша да сайрап тұр. Қазақ этнографиясынан бастап, қазіргі музыканы да біледі. Неге оны шығармашылықта пайдаланбайсыз» деп мені айтқан екен. Содан кейін мені Динара Адам «Мегамозг» атап кетті. Басында  ұялатынмын. Кейіннен оны өзіме хэштег қылып алдым. 

 

Сұхбаттасқан Анар ДӘУКЕН

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанда құс тұмауы жоқ екенін мәлімдеді

Қазақстан құс тұмауынан аулақ болған ел болып танылды

Бірінші орында Lada: Қазақстандықтар қандай отандық құрама көліктерді сатып алады

Қазақстандықтар отандық құрама машиналарын сатып алуда белсенді бола бастады

Ғалымдар артық салмақтан арылудың ең оңай жолын айтты

Мамандар: Құпия кілті – физикалық белсенділік

"Өліп қаламын ба деп қорықтым": Ер адам дәрігерлердің сөзінен кейін 215 келіге арықтады

Ер адам: Клиникадан шыққаннан кейін отыра қалып, еңіреп жыладым

Ресейлік шұжықтан африкалық оба дерті анықталды

Вирус жылдың кез-келген уақытында тез тарала бастайды

"Менің де саясаттан хабарым жоқ": Зеленскийдің "сыңары" арасында оны алмастырып тұруға дайын екенін айтты

Умид Исабаев жуырда Мәскеуге көшіп барған болатын

Дәрігер өзін камераға түсірмек болған әншінің басын жарып, соққының астына алды

Оқиға сұлулық салонында болды

Түркістан облысында зорландым деген жасөспірімнің оқиғасы: Шөкеев пікір білдірді

Өңір басшысының сөзінше, қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр

Әйел сүйіктісінің өзіне опасыздық жасап жүргенін картаның көмегімен білді

Ер адам бойжеткенді ұрып-соғып, ақыры істі болды

Ер адам кішкентай балықтың арқасында теңізде жоғалтқан жүзігін тауып алды

Шамамен 400 метр қашықтықты жүзіп өткен ер адам жағаға қайтып оралғанда жүзігінің жоқ екенін көрген
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр