Ұлытауда 9 айдың қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті
Ұлытау облысының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жай-күйі туралы есеп берілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Жиын барысында атқарылған жұмыстың нәтижелері, қол жеткізілген жетістіктер, сондай-ақ одан әрі назар аударуды талап ететін анықталған жүйелік және жекелеген кемшіліктер айтылды.
Күн тәртібіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің Картасында бар өңір үшін аса сезімтал салалар енгізілді. Оның ішінде проблемалық объектілердің құрылысын аяқтау, "Жайлы мектеп" Ұлттық жобасын сапалы іске асыру, білім беру саласында бюджет қаражатын жымқыруды алдын алу, облыстың автожолдарын жөндеу сапасы, абаттандыру, "Бизнеске жол" жобасын іске асыру және тағы басқа.
Ұлытау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің басшысы Ерлан Жолдыбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — қоғамның барлық топтарының қатысуын талап ететін күрделі және көп қырлы процесс екенін атап өтті.
Осыған байланысты Ұлытау облысы департаментінің қызметкерлері және басшылары деңгейінде түсіндірме дәрістер мен семинарлар өткізумен мақсатты алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмысқа жұртшылық, БАҚ және еріктілер де тартылады.
Өз кезегінде Қоғамдық кеңестің төрағасы Бауыржан Бегенов өңірлік Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шеңберінде жүргізіп жатқан жұмысын оң атап өтіп, ынтымақтастық шеңберінде барынша жәрдемдесуге дайын екендігін мәлімдеді.
"Түрмеде отырған баламды тағы 9 жылға соттап жіберді": Түркістандық ата-ана баласына жазықсыз жала жабылғанын айтып, Тоқаевтан араша сұрады