Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық құны 3 миллиард теңге болатын марганец рудасын заңсыз өндірген

Ұлытауда ер адам 2020-2023 жылдар аралығында ешқандай рұқсат құжаттарынсыз "Восточный карьерінен" марганец рудасын заңсыз өндірумен айналысқан. Оның қылмысы "Қазақстан Ғарыш Сапары" АҚ-ның аэроғарыштық суреттерінің көмегімен анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Қаржы мониторингі агенттігі Ұлытау өңірінде марганец рудасын рұқсатсыз өндіруге және кейін оны заңдастыруға қатысты тергеуді аяқтап, істі сотқа жіберді.

Күдікті жалған шот-фактураларды жазып, заңсыз өндірілген марганец рудасын заңдастырып, республика бойынша және шет мемлекеттерге өткізген. 



“Мемлекетке 1 млрд теңгеден астам шығын келген. Заңсыз өндірілген кен көлемі 16 мың тонна болып, жалпы сомасы 3 млрд теңгеден асады. Күдіктінің 337 млн теңгенің жылжымалы және жылжымайтын мүлкі тәркіленді.”, – деп мәлімдеді Қаржы мониторингі агенттігі.

Бұған дейін Ақтөбеде шикі мұнайды заңсыз өндірген "Сайгак Казахстан Б.В." бас директорының орынбасары сотталған еді.

Талқылау