Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлытау облысының прокуратурасы мал ұрлығына қарсы шаралар қабылдап жатыр

Ұлытау облысының прокуратурасы мал ұрлығына қарсы шаралар қабылдап жатыр

Фото: Pexels.com

Ұлытау облысының прокуратурасы құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, мал ұрлығына қарсы жүйелі шаралар қабылдап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Осы бағыттағы жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында облыс прокуратурасы барлық мүдделі органдардың қызметін үйлестіруге бағытталған мал ұрлығына қарсы жол картасын іске асыруда.

Жол картасын жүзеге асыру аясында полиция қызметкерлері ұйымдасқан қылмыстық топты әшкерелеп, олардың ірі көлемдегі мал ұрлығына қатыстылығын анықтады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында олардың кінәсі толық дәлелденіп, сот үкімімен аталған тұлғалар сотталды.

Қабылданған бірлескен шаралардың нәтижесінде биыл облыс аумағында мал ұрлығы 30%-ға төмендегені байқалады. Облыс прокуратурасы ауыл шаруашылығы саласындағы қылмыстық әрекеттерден азаматтардың құқықтарын қорғау және заңдылықты қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастырады.

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 09 Қазан, 2025 16:00
Талқылау