Ұлытау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында семинар өтті

Фото: Ru.freepik.com
Ұлытау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының сот әкімшісі басшысы Д.С.Қошжанова сот мамандарының қатысуымен “Электрондық істерді қалыптастыру қағаз жүзіндегі жұмыс істеу қағидалары” тақырыбында семинар өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.
Іс-шара барысында автоматтандырылған ақпараттық жүйеде электрондық құжаттармен жұмыс істеу қағидаларының техникалық талаптары талқыланып, электрондық істерді қалыптастыру қағаз жүзіндегі іс жүргізу қағидаларымен қатар жүзеге асырылатыны айтылды.
Сонымен қатар, аудандық және оған теңестірілген соттарда іс жүргізу қағидаларының 6-тарауына сәйкес:
- Есепке алу құжаттарында қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдардың қозғалысына байланысты міндетті деректемелерді толтыру;
- Электрондық сот актілері мен өзге де құжаттарды қоса тіркеу қажеттігі түсіндірілді.
Іс-шара соңында қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдардың қозғалысына сәйкес міндетті деректемелердің уақытылы толтырылуы және электрондық сот актілері мен өзге де құжаттардың тіркелуі тұрақты бақылауда болатыны айтылды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген