Ұлытау облысында жолаушылар пойызы алты жылқыны қағып кетті
4 ақпан күні Манадыр-Жомарт аралығында Алматы-Жезқазған жолаушылар пойызының машинисі теміржол жолдарында жайылып жүрген жылқыларды байқап, тоқтауға тырысса да үлгермей 6 жылқыны қағып кеткен деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кейін пойыз жоспарсыз 8 минут тұрған.
“Аталған факті бойынша оқиға орнына жедел-тергеу тобы барды. Үй жануарларының иесі болып табылатын 59 жастағы жергілікті тұрғын анықталды”,- деді ведомство.
Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі “Темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзу” бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген