Ұлытау облысы әкімдігі мен "Қазақстан халқына" қорымен меморандумға қол қойды

Ұлытау облысы әкімдігі мен "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат аясында өңірде әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тараптар білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласында әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, тұрғындарға қайырымдылық көмек көрсетуге және жаңа жобаларды қаржыландыруға бағытталған шараларды бірлесіп атқарады.

Ынтымақтастықтың басым бағыттары – өңірдің әлеуметтік қолдау, білім, мәдениет және спорт салаларындағы әлеуетті қайырымдылық жобаларды қарастырып, қолдау көрсету.
Облыс әкімдігі қайырымдылық бастамаларын ұсынуды және ұйымдастырушылық қолдауды қамтамасыз етсе, "Қазақстан халқына" қоры оларды қарастырып, жобаларды іске асыруға атсалысады.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген