Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұлыма қарыздармын": Анасын емуден бас тартқан сәби оның өмірін құтқарып қалды

Англияның Ливерпуль қаласында бір жасар сәби анасының оң жақ омырауын емуден бас тартқан. Оның бұл әрекеті анасының өмірін құтқарып қалды.

«Ұлыма қарыздармын»: Анасын емуден бас тартқан сәби оның өмірін құтқарып қалды

37 жастағы Джоан Карр – екі баланың анасы. айтуынша, ұлы Джуди тек сол жақ омырауын еміп, екіншісін емуден бас тартқан. Осыдан кейін әйел дәрігерлерге кеңес сұрап барыпты. Ауруханадағылар оны тексеріп, омырауынан қатерлі ісікті анықтайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап. 

«Ұлыма қарыздармын»: Анасын емуден бас тартқан сәби оның өмірін құтқарып қалды

«Өмірім үшін ұлыма қарыздармын. Бұл ғажайып жағдай болды. Егер Джуди болмағанда, ісік туралы білмей жүре беретін едім. Оның өмірімді құтқарғанына ешқандай күмәнім жоқ», - дейді Карр.

Әйел тиісті ем қабылдап, дәрігерлер 2018 жылдың наурыз айында оның омырауында қалған қатерлі ісік жасушаларын алып тастапты. Сол жылдың сәуір айында әйел толықтай сауыққан.

«Ұлыма қарыздармын»: Анасын емуден бас тартқан сәби оның өмірін құтқарып қалды

Каррдың пікірінше, оң жақ омырауының ұшына жақын орналасқан екі сантиметрлік ісік ұлының емуіне кедергі келтірген. 

«Джудиге қарыздармын. Мен үшін ол бүкіл әлемнен де қымбат», - дейді әйел.

Талқылау