Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұлым университеттен шығып кетті": Тұңғышбай Жаманқұлов істі болғанын балалары қалай қабылдағанын айтты

Тұңғышбай Жаманқұлов істі болғанын балалары қалай қабылдағанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Қарақатпен шай" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Ұлым университеттен шығып кетті

Танымал актер кезінде жала жабылып, істі болған кезде балаларының бұл жағдайды қалай қабылдағаны туралы айтып берді. Әкесінің басына түскен қиындық өнер иесінің үлкен ұлына қатты әсер еткен болуы керек, оқиғаның мән-жайын білгеннен кейін ұлы Мәскеудегі оқуын тастап, елге оралған. Дегенмен, артынша актер ұлына оқуыңды жалғастыр деп шарт қойыпты. Бүгінде әкесіне жақын ұлы магистрант атанған. 

"Балаларым қатты қапа болды. Үлкен балам Мәскеудегі Баумен атындағы жоғарғы техникалық университетте оқитын, өз күшімен түскен. Университеттен шығып кетті. Мен білмеймін, академиялық демалыс алып келіп қалыпты. Содан кейін қайтадан жібердім, қазір бітіріп, диплом алды. Биыл өөз күшімен магистратурасына түсті", - дейді Тұңғышбай Жаманқұлов. 

Бүгінде көпбалалы әке, ардақты ата атанып үлгерген актер балалары туралы айтуды да ұмытпаған. Ол ағынан жарылып, отбасының мүшелерін таныстыруды жөн көрді. 

"Одан кейінгі балаларым кішкентай. Менде төрт ұл, екі қыз бар. Үлкендері үйлі-баранды. Олардың әрқайсысынан алты немерем бар", - дейді Тұңғышбай Жаманқұлов. 

Талқылау